Basty bet

«Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңін өткізудің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
1. Осы «Үздік педагог» атағын беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) аудандық кезеңінің дайындық және өткізу жұмыстары ұсынылып отырған Ереже негізінде жүзеге асырылады.
3. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңі «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 16.01.2015 жылғы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларының негізінде өткізіледі.
4. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңін Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі ұйымдастырады.
5. Ұйымдастырушы:
• Конкурстың өткізілетіндігі туралы білім мекемелеріне хабарлайды, конкурсты өткізу туралы хабарландыруды БАҚ-та жариялайды;
• Конкурстың аудандық Комиссия мүшелерін тағайындап, бекітеді;
• Конкурсқа ұсынылған құжаттармен, сараптамалық парақтармен бағалау жұмыстарын жүргізу бойынша алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
6. Аудандық Комиссияның қорытынды шешімі хаттамамен ресімделеді.
7. Конкурстың қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ресми сайтында орналастырылады.

Аудан әкімдігінің білім бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close