Basty bet

Аудан көлемінде карантин режімінің әлсіреуі туралы

Аудан көлемінде коронавирустық инфекцияның алдын алу мен таралуына жол бермеу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Жамбыл облысы аумағында карантин режімін әлсірету туралы» 2020 жылғы 10 мамырдағы №19 Қаулысы, аталған Қаулыға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы 2020 жылғы 18 мамырдағы №20 Қаулысын орындау, аудан тұрғындарының денсаулығын қорғау мақсатында Жуалы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мәлімдейді:
Жамбыл облысының аумағына барлық автокөлік құралдарының және азаматтардың кіруіне және шығуына тыйым салынады, мыналарды қоспағанда:
– авариялық құтқару және коммуналдық қызметтердің, құқық тәртібі органдарының;
– халықтың қауіпсіздігін, тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін құқық қорғау және басқа да ұйымдардың арнайы инженерлік, құрылыс және әскери техникасы;
– фармацевтикалық компаниялардың персоналдары, сондай-ақ, зертханалардың қызметін қамтамасыз ететін медициналық мекемелердің қызметтік және жеке автокөліктерінде, бөтен тұлғалар мен отбасы мүшелерінің (дәрігерлер, медбикелер, көлік жүргізушілер қызметтік куәліктерін және жұмыс орнынан анықтама көрсеткен жағдайда);
– жерлеу, салт-жоралық қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ, 10 адамнан аспайтын және 3 бірліктен аспайтын автокөлік тасымалдайтын жеке тұлғалар, растайтын құжаттары болған жағдайда;
-құқық қорғау және басқа да арнайы органдарының қызметкерлері қызметтік куәліктерді немесе анықтамаларды көрсеткен кезде;
– көктемгі егіс және басқа да ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін қажетті тұлғалар мен автокөлік құралдары;
– жұмыс орнынан анықтамасы бар болған медицина қызметкерлері;
– азық-түлік тауарларын, дәрілік заттарды және құрылыс материалдарын тасымалдайтын автокөліктер;
– жұмыс орнынан анықтамасы бар болған Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары, «Ұлттық сараптама орталығының» мамандары;
– жұмыс орнынан анықтамасы бар болған ветеринария қызметінің мамандары;
– тұрғылықты жеріне оралу үшін келетін /кететін адамдар және медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдар, сондай-ақ, шұғыл көмек көрсету үшін облыс орталығына жедел жәрдем көрсету үшін шығатын адамдар;
Жамбыл облысының аумағында орналасқан барлық медициналық ұйымдарда меншік түріне қарамастан стационарға жатқызылған пациенттерге баруға және сәлемдемелерді қабылдауға тыйым салынады.
Медициналық ұйымдарда пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызу шектелген. Барлық денсаулық сақтау объектілері санитариялық-дезинфекциялық және эпидемияға қарсы режімді қатаң сақтай отырып, бұрынғы режімде жұмыс істейді. Медициналық қызметкерлер қорғаныш дәрежесі жоғары маскаларды немесе респираторларды, резеңке қолғаптарды пайдалану керек.
Тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге рецептерді онлайн-беру немесе үйге жеткізу ұйымдастырылады.
Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда қажет болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағы) рәсімдеу медициналық ұйымдарға бармай жүргізіледі.
Адамдардың шоғырлануын болдырмау мақсатында күндізгі стационарлардың, оңалту бөлімшелерінің, созылмалы аурулары бар пациенттерге арналған мектептердің, босануға дайындық курстарының және адамдардың шоғырлануын білдіретін басқа да кабинеттердің қызметі тоқтатылды.
Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режімін алып тастауға байланысты, 2020 жылғы 11 мамырдан бастап жоспарлы профилактикалық егулер жүргізу қалпына келтірілді. Алдын-ала вакцинация жүргізу үшін бір жасқа дейінгі, вакцинацияның бастапқы сериясындағы жоспарлы егулерді өткізіп жіберген балалар, сондай-ақ, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация басым топ болып табылады. Профилактикалық егулерді алу мақсатында медициналық мекемеге барған кезде адамдар медициналық қорғаныш бетперде киюі тиіс.
Азық-түлік дүкендерінің және супермаркеттердің жұмыс істеу алгоритмі:
Жұмыс істеу тәртібі: сағат 08:00-20:00-ға дейін
Азық-түлік базарларының жұмыс істеу алгоритмі:
Жұмыс істеу тәртібі: сағат 10:00-17:00-ға дейін. Нысанға кіру үшін: – жұмысшыларды жұмысқа келерде дене температурасын өлшеп кіргізу,
Кіреберісте және 50-100 м сайын антисептиктер мен санитайзерлер орнату.
Шаштараз жұмысының алгоритмі:
Жұмыс істеу тәртібі: сағат 10:00-18:00-ға дейін
Шаштараз қызметі келесі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындағанда ғана жұмыс істей алады: – қорғаныш заттарымен (арнайы киімдер, медициналық бетперделер), дезинфекциялау және жуу құралдарымен, қолды өңдеуге арналған антисептиктермен қамтылу тиіс; – желдету режімін сақтау;
ҰБТ-ға дайындайтын орталықтардың жұмыс істеу алгоритмі:
Нысанға кіру үшін: – жұмысшыларды жұмысқа келерде, түлектерді дене температурасын өлшеп кіргізу, – кіреберісте антисептиктер мен санитайзерлер орнату; – – ауру белгілері бар тұлғаларды кіргізбеу.

Марат ИСКАКОВ,
аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы

Таңдаулы материалдар

Close