Basty bet
Көмек қолын созды
Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.
Ауданда қасиетті Рамазан айында тұрғындарға көмек қолын созу, азық-түлікпен қамтамасыз ету шаралары көптеп ұйымдастырылуда. Осындай игі істі өткен аптаның соңында аудандық пробация қызметі «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе отырып өткізді. Олар шара барысында аудандық пробация қызметінде есепте тұрған екі азаматтың отбасына азық-түліктей көмек көрсетті.
Қайырымдылық шарасын өткізуші азаматтар тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға осындай сәттерде көмек қолын созуды азаматтық парызы санайтындарын жеткізді. Ал, қазақ халқының бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттері жоғалмағанын айтқан отбасылар алғысын білдірді.
«Жаңа-өмір»-ақпарат