Basty bet

Байқауда жеңімпаз атанды

Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аталып өтуде. Осы орайда, ұстаздар да қазақтың бас ақынының мерейтойына өз үлестерін қосуда.
Боралдай ауылдық округіне қарасты Ертай ауылындағы №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектептің мектепалды даярлық тобы мұғалімдерінің шәкірттері ақынның мерейтойына орай онлайн өткізілген «Абай-дана, Абай-дара» атты республикалық өнер және шығармашылық байқауына қатысты. Байқауда Нартай Елепай І орынның иегері атанса, ұстазы Казима Бертаева шәкірт дайындап, белсенділік танытқаны үшін марапатқа ие болды.
Жас бүлдіршін Нартай сыныбының бетке ұстар оқушыларының бірі. Ол Отан, туған жер, тәуелсіздік туралы көптеген өлең-жырларды жатқа біледі. Өлеңді мәнерлеп оқуды жақсы көретін жас талап Нартай Елепай республикалық деңгейде жақсы көрсеткіш көрсетті. Ал, жетекшісі К.Бертаева кішкентай бүлдіршіндерді білімге, ғылымға жақын болуға баулып, оқушыларын түрлі конкурстарға қатыстырып, шығармашылығын дамытуға атсалысуда.
Сонымен қатар, К.Бертаева «Тәуелсіздік тұғыры» атты республикалық жарыста шәкірт тәрбиелеп, белсенділік танытқаны үшін марапатқа ие болса, байқауда оқушысы Нұрсезім Нағашбек ІІ дәрежелі Дипломға ие болды.

№18 М.Ғабдуллин атындағы
орта мектептің ұжымы.
Ертай ауылы

Таңдаулы материалдар

Close