Basty bet

АЭС – тұрақтылықты қамтамасыз етеді

Өндіріс қуаты өскен сайын энергияға сұраныс арта бермек. Ел аумағындағы энергия өндіретін ірілі-ұсақ 222 стансаның қуат көзі қажетті сұранысты толық қамтуға қауқарсыз. Ал, өнеркәсіп өрге басу үшін энергетикалық тәуелділіктен арылу керек.

Қоғамда атом электр стансасын салу-салмау тұрғысындағы пікір екіге жарылғаны белгілі. Жолдауда Мемлекет басшысы бұл мәселе ел болып референдум негізінде айқындалатын елеулі қадам екенін атаған болатын. Мемлекетті тұрақты әрі қауіпсіз экологиялық таза энергия көзімен қамту уақыт сұранысынан туындаған қажеттілік. Оның үстіне мамандар елдегі энерго нысандардың 65 пайызы ескіргенін айтуда.

Жел мен күн энергетикалық тепе-теңдіктің қажетті элементтері. Олар экономикалық таза және жаңартылған энергия көзі ретінде мағлұм.

Бірақ белгілі себептерге байланысты олар тәулік бойы тұрақты электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ете алмайды. Тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз етудің жалпы сенімділігінің төмендеуіне жол бермеу үшін мұндай үзіліссіз энергия көздері елдің энергетикалық жүйесіне дұрыс интегарциялануды талап етеді.

Жаһандық консенсус, біріншіден, атомның «жасыл» таза энергия балансында маңызды рөл атқаратынын айтады. Екіншіден, атом энергиясы – ауа райына, табиғатқа, тәулік уақытына қарамастан өндірілетін базалық энергия ретінде энергетикалық балансқа қосылуы керек. Қазір қарқынды дамып келе жатқан елдерде атом энергетикасын дамытудың серпінді бағдарламалары бар. Сондықтан біз де ел өміріне тікелей маңызы бар алдағы референдумда мәселеге сауатты көзқараспен үңіліп, оңтайлы шешімге келуіміз керек.

Қалды Байрамов,

аудандық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі,

аудандық мәслихаттың депутаты

Таңдаулы материалдар

Close