Basty bet
Дала өрттерінің алдын алу
Дала өрттері пайда болғаны жөніндегі ақпаратты өрт сөндіру қызметіне уақтылы хабарлау қажет. Далада өрттердің пайда болуының көп тараған себептерінің бірі өртке қарсы қызметімен келісусіз жер телімдерінде құрғақ өсiмдiктердiң жағуын өткiзу немесе пiшенді жинау бойынша ауылшаруашылық жұмыстарының өткiзуiнде өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзушылығы болып табылады.
Ауылшаруашылық жұмыстарындағы жұмысшыларының қол қоюымен өрт болған жағдайда өрт қауiпсiздiгi шаралары және іс-әрекеттері туралы нұсқау берілуі қажет, ал ауылшаруашылық техникасы қолданыстағы нормаларға сәйкес бірінші өрт сөндіру құралдарымен және дұрыс ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы керек. Дала өрттері жануарларға және өсімдіктерге елеулі зиян келтіреді. Біздің орман алқаптарында және шоқ ормандарда өсетін ағаштар бірнеше минут арасында ондаған жылға жойылып кетуі мүмкін және оларды қалпына келтіру үшін де көптеген жылдар керек.
Дала өрттерін уақтылы сөндіру олардың ерте анықталғандығына және өрт сөндіру қызметіне немесе ауыл әкімдігіне хабарлауына байланысты болады. Сондықтан біз ауданның тұрғындарын далалық өлкелерде өрт тұтануларды байқағанда, ауылдық әкімдікке немесе өрт сөндіру қызметіне хабарлауды өтінеміз. Ал тұтанудың шағын ошақтарында өздігінен қол астындағы құрал-жабдықтармен сөндіру шараларын қолдану керек.
А.Е.Тұрсын,
М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының
3-курс курсанты