Qoǵam
Өңірдегі діни ахуал қалыпты
Ақтөбе ауылдық округінің діни қызмет, конфессияаралық келісім саласындағы жұмыстары «Қазақстан Республикасы дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» және «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда.
Өңірде «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық діни бірлестігінің филиалы ретінде бір мешіт (Жаңаталап мешіті) тіркеуден өтіп, жұмыс атқаруда. Мешіт имамы Нұрмахан Елнұр «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде білім алған, тәжірибелі дін қызметкері. Ол ислам дінін қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрпымен сабақтастыра насихаттауда көп еңбек атқаруда. Мешіт бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.
Округте діни ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бес адамнан құрылған ақпараттық түсіндіру тобы жұмыс істейді, іс-шаралар жоспары жасалып бекітілген. Топ мүшелері жұмысын учаскелік полиция инспекторымен, ардагерлер кеңесінің төрағасымен, дінтану пәнінің мұғалімдерімен, округ әкімі аппаратының мамандарымен тізе біріктіріп, жүргізуде. Ақпараттық-түсіндіру тобы округтегі түсіндіру жұмыстарында ауыл тұрғындары және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен бөлек, кәсіпкерлер, жұмыссыздар, жастар қамтылған.
Округте орналасқан әлеуметтік маңызды нысандарға, мекемелерге кәсіпорындарға мереке күндері тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылуда. Округ бойынша діни ахуал тұрақты.
Дін саласындағы жұмыстар «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» және бойынша терроризмнің алдын-алу, жат бағытты ұстанушы радикалды діни ағымдар мен секталарға тосқауыл қою мақсатында, діни насихаттық топ желілік кестеге және жоспарға сәйкес тұрғындармен кеңінен насихат жұмыстарын жүргізіледі.
Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына дін саласына қатысты мақалалар тұрақты жарияланып отырады. Ауылдық округтегі діни ақпараттық түсіндіру топ мүшелерінің өткізген іс шараларына қатысушы азаматтарға және баяндамашылардың жасаған баяндамалары қадағалануда. Округтегі мешітте атқарылып отырған жұмыстар мен айтылатын пәтуалардың мазмұнына тұрақты түрде жұмыс тобының мүшелері мен және жауапты маманмен мониторинг жүргізіліп тұрады.
2020 жылы Ақтөбе ауылдық округінің Діни ақпараттық түсіндіру топтың округтегі елді мекендеріне шығу іс-шара жоспарына сәйкес ауыл тұрғындарымен «Қазақстан Республикасы Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» және «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламасын» түсіндіру және «Зайырлы ел – қайырлы ел» тақырыбында үш кездесу өткізілді.
Бүгінгі күнге Қазақстан Республикасында әлемдік індеттің таралуына байланысты карантиндік режім орын алды. Осыған байланысты барлық кездесулер мен ғибадат орнының жұмысы уақытша тоқтатылды. Ақтөбе ауылдық округінде карантиндік режімді бұзған және деструктивті дінді ұстанушылар тіркелген жоқ.
Арабхан ЗАППАРОВ,
Ақтөбе ауылдық округінің әкімі