Qoǵam

Жастар белсенділік танытуда

Аудандағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағыты 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңы және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясатының» 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында жүргізілуде. Жастарды әлеуметтендіру процесі – бұл жастарды қоғамдық-саяси өмірге қосудың басты тетігі. Объективтілік тұрғысынан, жас ұрпақтың қоғамның дамуына қатысу мәселесі ел дамуының сапасы мен қарқынын, сипатын көрсетеді. Заңның мақсаты жастардың ойдағыдай әлеуметтенуіне, олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бейімдеуге бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыруға бағытталады.

Жалпы ауданда статистика көрсеткіштері бойынша 2020 жылы тұрғындар саны 52 965 адамды құраса, оның ішінде жастар 13 642 адамды құрайды, жалпы халықтың 25,7 пайызы. Олардың 7242 (53,0%) адамы ерлер, 6400 (47,0%) адамы әйелдер.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауына байланысты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің жанынан құрылған «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық клубына 140 ерікті жас тіркеліп, қазіргі таңда әртүрлі бағыттағы іс-шараларға қатысып, белсенділік танытуда. Атап айтар болсақ, «Біз біргеміз!» акциясы аясында азқамтылған 226 отбасыға оның ішінде, жалғызбасты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және көпбалалы отбасыларына кәсіпкерлерді тарта отырып азық-түліктей заттар таратылды. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі жанындағы «Қамқор» қайырымдылық-волонтерлік клубының мүшелері түнгі рейдтік жұмыстарын жүргізді. Ауданның ерікті жастары Шақпақата блок-бекеті мен Б.Момышұлы ауылында орналасқан пунктінде коронавирус індетінің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 8000-ға жуық үнпарақтар мен 630 медициналық масканы тегін таратты.
Медициналық маскаға қажетті шикізаттар аудан әкімдігінің тарапынан беріліп, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің жанынан құрылған волонтерлердің көмегімен 12977 маска тігіліп, 10510-ы аз қамтылған отбасыларға оның ішінде жалғызбасты қариялар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға таратылды. Қазіргі таңда қорда 2467 маска бар. Сонымен қатар, ауылдық округтердегі әкімшіліктерге, адам көптеп шоғырланатын супермаркеттер, дүкендер, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне, аудандық полиция бөліміне, Халық банкі мен Қазпошта бөлімдеріне тұрақты түрде маска тегін таратылды. Аудандық «Қазпошта» және «Халық банкі» мекемелеріне келетін аудан тұрғындары арасында коронавирус індетінің алдын алу мақсатында волонтерлердің көмегімен күнделікті кезекшілік ұйымдастырылды. Еріктілердің мақсаты – тұрғындардың тыныштығын сақтау. Індеттің алдын алу мақсатында кезекші волонтерлар тұрғындармен түсіндіру жұмыстырын жүргізіп отырды.
«Еріктілер жылына» орай волонтерлықтың 7 бағыты белгіленіп берілді. Ауданда «Білім» бағытын дамыту аясында тегін ағылшын курсын оқыту үйірмесін ашу ісі бойынша Б.Момышұлы ауылының тұрғыны Альфия Югданқызының жұмысын атап айтуға болады. Альфия аудандағы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының балаларына білім беріп, тегін ағылшын тілін балаларға үйретіп, биылғы жылға өзіндік үлесін қосуда. «Қамқор» бағыты аясында ауылдағы аз қамтылған отбасылардың үй-жайларының жөндеу жұмыстарына Б.Момышұлы, Қарасаз, Мыңбұлақ ауылының волонтерларының атсалысуымен көптеген көмек көрсетілуде. Бүгінгі таңда «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Үміт» волонтерлық бағыттары бойынша бірқатар жұмыстар жасалынуда.
Ауданның еріктілері төтенше жағдай режіміне байланысты бос уақыттарын тиімді пайдалана отырып, өңірдегі көмекке мұқтаж азқамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қарт кісілердің отбасыларына қолдан келген көмектерін көрсетті. Олар азық-түлік алу үшін, дәріханаға баруға мүмкіндіктері жоқ азаматтардың отбасыларына ерікті жастар барып, жағдайларын біліп, қажетті азық-түлік, тегін бетперде, т.б заттарды табыстап отырды.
Жастарды тұрақты және маусымдық жұмыстарға тарту мақсатында «Жасыл ел» маусымдық жұмысы арқылы өзен, су арналарын қоқыстан тазарту, табиғатты көркейту мақсатында көптеп ағаштар егу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай батыр бабаларымыздың ерліктерін жастар арасында насихаттау мақсатында «Атамның аманаты», «Атам жайлы естелік сыр», «Жеңісті жақындатқан батырлар» тақырыптарында жастар арасында онлайн жас ақындар мүшәйрасы, батырларға арнау өлеңдерін оқудан челлендждер жасалып, аудандық газет беттеріне тұрақты мақалалар жарияланып отырды.
Төтенше жағдай режімінде өз еркімен «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің Ақсай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы, лейтенант Махит Сәрсеқұл облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың және «Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының» Алғысхаттарымен марапатталды. Ерікті түрде ел басына күн туған жағдайда еліміздің тыныштығын қорғаймын деген ниетті 14 азамат тиісті марапаттарын алды.

Мейіржан Телеушов,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры

Таңдаулы материалдар

Close