Basty bet
Еркін елдің символы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін-ақ, өзінің белсенділігін, өнерлі халық екендігін дәлелдей бастады. Ең бірінші жетістігін ауыз толтырып айтар болсақ, әрине тәуелсіз мемлекет ретінде аталуы. Ал сол тәуелсіз мемлекеттің рәміздері құпия, таңғажайып мағыналарға толы асыл қазына. Халқымыз өз ата-мекенін, Отанын, өз халқы, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрлерін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген, баулыған.
Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты аудандық, ауылдық кітапханаларда онлайн іс-шаралар өткізіп, «Facebook» «Instagram» парақшаларына жүктелді. Мәселен, Теріс ауылдық кітапханасы оқушыларға еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеу мақсатында «Рәміздер – еркін елдің символы» атты онлайн бейнетүсірілім түсірсе, Қарабастау ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Жұмақанова «Рәміздерге құрмет», Ақтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Абделиева «Тұғырлы Туым, еңселі Елтаңбам, айбарлы Әнұраным», Көлбастау ауылдық кітапханасының кітапханашысы Б.Оразова «Рәміздер – еркін елдің символы» онлайн-ақпарат сағатын өткізді.
Ал, Жаңаталап ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Керімова «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» атты онлайн-кітап көрмесін, Шыңбұлақ ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары Алтынбек Әбухәкім Асылбекұлы, Канал Ақмаржан «Рәміздер – еркін елдің символы», Қошқарата ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары Жасмин Жолтай, Жанерке Нұртанқызы «Тұғырлы Туым, еңселі Елтаңбам, айбарлы Әнұраным» атты онлайн-оқулары, Кәріқорған ауылдық кітапханасы «Рәміздер – елдіктің ерекше белгілері» атты библиопост, Қосбөлтек ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары Жансері Асқарбек рәміздер күніне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын онлайн түрде орындап, әлеуметтік желіге салынды.
Күләш Таубалдиева,
аудандық орталық кітапхананың
әдістемелік бөлімінің меңгерушісі