Basty bet
Ұлттық нышандар ұлықталды
Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы кітапханасында «Рәміздер құрметтеу» атты іс-шара өтіп, оған сарбаздар қатысты.
Шара барысында «Рәміздер – ұлт мақтанышы» кітап көрмесі әзірленіп, өлең шумақтары, көптеген мерзімді басылым беттерінен мәліметтер қойылды.
Еліміздің егемендігі мен рухын паш ететін басты нышандар – Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
Бұл – ең алдымен халқымыздың өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Мемлекеттік рәміздерде халқымыздың салт-дәстүрін, рухын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін, елдігін білдіретін, егемендігін танытатын ерекше кұндылықтар бейнеленген. Барша қазақстандықтар 1992 жылдың 4 маусымынан бері Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіп келеді. «Елім, жерім!» деп жүрегі лүпілдеп соққан әрбір ұлтжанды азаматтың өмірінде маңызды рөл атқаратын нышандар – қазақ халқының өткен тарихымен сабақтас.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай ҚР ҰҚК ШК Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл ауданы шекара басқармасының кітапханасында «Көктем-2019» шақырылым жас сарбаздарға арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым!» атты тақырыптық кеш өтті. Шараға қатардағы жауынгерлер Әділжан Өзебай, Ильзат Шамиев, Әділ Жұман, Ернар Жұмахан қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті.
Камила Әбсеметова,
Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы кітапханасының меңгерушісі