Basty bet
«Тағам» кафесі ашылды
Аудан орталығындағы «Райхан» мейрамханасының бірінші қабатынан жеке кәсіпкер Жеңіс Толыбаев «Тағам» халал кафесін ашты. Заманауи үлгіде жабдықталған кафенің ас мәзірі де ерекше. Яғни, балықтан жасалған түрлі дәмді де пайдалы тағамдарға мән берілген.
Жеңіс Дүйсенбекұлы жеке кәсіпкерлікпен 2014 жылдан бері айналысады. Осы уақытқа дейін мал шаруашылығымен, басқа да кәсіптермен айналысқан кәсіпкер енді бағын осы салада сынап көрмек.
-Кафеміз 50 адамға дейін қызмет көрсетуге арналған. Мақсатымыз – желестерімізге дәмді, сапалы тағаммен қатар жайлылық сыйлау.
Аспазымыз Нұр-Сұлтан мен Сочи қалаларында үлкен ресторандарда қызмет еткен тәжірибелі маман. Кафеде бірінші, екінші ыстық тамақтармен қатар түрлі кондитерлік өнімдер бар. Түрлі балықтан жасалған тағамдар пісіріледі. Сонымен бірге тағы бір ерекшелегіміз – бізде Кола, Фанта, сияқты сусындар жоқ. Оның орнына қолдан дайындалған сегіз түрлі фирмалық компоттар мен лимонадтар бар. Кафедегі барлық тағамдар мен сусындарды, кондитерлік өнімдерді аспаздың өзі дайындайды. Халыққа қолжетімді, сапалы, жайлы қызмет етіп, халықтың ықыласына бөленгіміз келеді,- дейді Жеңіс Дүйсенбекұлы.
Жеке кәсіпкер бүгінгі таңда жеті адамды жұмыспен қамтып отыр. Іші де, сырты да тап-тұйнақтай, ерекше талғаммен безендірілген кафеге келушілер қызмет көрсету орнын жылы қабылдауда. Жеке кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілейміз.
«Жаңа өмір» – ақпарат