Basty bet

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар»

989-2014 Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына енгізілген өзгерістер

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің (2017 жылғы 26 қазандағы № 569) Жарлығына сәйкес қазақ тілі əліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз ету мақсатында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына латын жазуына көшуіне байланысты өзгерістер енгізілді.
Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» 989-2014 ҚР СТ ұлттық стандартына стандарттың барлық мәтіні бойынша «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуды «QAZAQSTAN» латын графикасында жазу бөлігінде, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасының 20.09.2018 жылғы № 272-од бұйрығымен №1 өзгеріс енгізілді. Аталған №1 өзгеріс 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енді.
№1 өзгерістерді қабылдау және қолданысқа енгізу туралы ақпарат нормативтік-техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорының http://egfntd.kz сайтында орналастырылған.
Бүгінгі таңда, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда орналастырылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаларын латын графикасындағы «Qazaqstan» деген жазуы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаларына жоспарлы түрде ауыстыру көзделуде. Осы ретте Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2018 жылғы 15 қарашадағы №336-од «Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бұдан бұрын дайындалған және орналастырылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаларын ауыстырудың 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезеңді белгілеу бөлігінде тиісті түзетулер енгізді.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы
бойынша департаменті

Таңдаулы материалдар

Close