El іshі

Ән – әлемінің падишасы

Аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай «Ән әлемінің падишасы» атты аудандық онлайн әншілер конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты – Шәмші Қалдаяқовтың есімін, шығармашылық мұраларын насихаттау, өскелең ұрпаққа үлгі ету. Ән әлеміндегі дарынды жастарды табу, олардың шеберлігінің шыңдалуына, көпшілікке кеңінен танылуына ықпал ету, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Конкурсқа 14 үміткер қатысты. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар анықталып, дипломдармен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Бас жүлдені Билікөл ауылдық округі Жылыбұлақ ауылынан қатысқан Мадияр Өмірбаев иеленсе, I орын Нұрлыкент ауылдық округі Түктібай ауылынан Мадияр Сағынбекке бұйырды. Ал, II орын Қарасаз ауылдық округі Қарасау ауылынан Аружан Қуанышбай мен Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылынан Сания Нұрынбетова, III орын Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылынан Мөлдір Балатаева мен III орын Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылынан Айман Алтайбековаға бұйырды.
Сондай-ақ, «Жұлдызға жол» номинациясымен Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылынан Анар Әуесбек, «Жуалы даусы» номинациясымен Күреңбел ауылдық округінен Күреңбел ауылынан Назерке Ахмет, «Дарын» номинациясымен Боралдай ауылдық округі Ертай ауылынан Серік Бегімбетов марапатталды.

Аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы

Таңдаулы материалдар

Close