El іshі
Балалардың саялы мекені
Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп – балабақша. Ол – баланың екінші үйі. Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Сондай талаптарға сай балабақшалардың бірі – «Мөлдір бұлақ» бөбекжай-балабақшасы».
Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды.
Осындай талаптардың үдесінен шығып жүрген «Мөлдір бұлақ» балабақшасының жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің тынымсыз, адал еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімінің арқасы.
Балабақшада бүгінде 5 топ жұмыс жасап, онда 125 бүлдіршін тәрбиеленуде. 38 қызметкер жұмыс жасайды, оның 16 педагогтар, ал 22-сі кіші қызметкерлер.
«Мөлдір бұлақ» бөбекжай-балабақшасын Майра Байдәулетова басқарады. Ол әр қызметкермен тіл табыса алады, қиын жағдайларда көмегін де аямайды. Сондықтан, ұжымда абырой мен құрметке ие.
-«Бауырсақ», «Жеті лақ», «Шалқан», «Мақта қыз бен мысық» ертегілері мен «Алдар көсенің» оқиғаларын айтамыз. Ертегінің тәрбиелік маңызы зор. Ой-өрісін дамытумен қатар, тіл алғыштыққа, мейірімділікке, достыққа баулиды. Мұнда балалар түсті ажырата алады. Ойын арқылы ортаға бейімделеді. Әр баланың ойынға бейімі арқылы қай мамандыққа жақын болатынын аңғаруға болады. Балалар мемлекеттік Әнұранды жатқа біледі.
Иә, балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне аянбай қызмет етуде. «Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік», – деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін үнемі шығармашылық ізденіс жолында өткізеді. Сондай-ақ әдіскер Әлия Есіркепова, тәрбиешілер Тазагүл Бердімұратова, Айгүл Құрымбай, Шариха Абилдаева, Айзат Ахаева, Манат Тулеманованы ерекше айтуға болады. Балабақшада республикалық жарыстарға қатысып бас жүлдемен оралған Айкөркем Даниярқызы, Шерхан Ербол, Әбдімәлік Сайлаубай сынды бүлдіршіндеріміз бар.
Жарық пен үйлесімділікке толы балабақша ұжымы өз тәрбиеленушілерін тәрбиелеу ісіндегі өз рөлін түсінеді. Тәрбиешілер аталған балабақшаны жайлы және жылы үйге айналдыру үшін көп күш жұмсайды. Балалар мұнда өздерінің дамуы үшін қажет нәрсенің бәрін алады.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде тәрбиешілердің көмекшілері, яғни, мейірімді және жанашыр қызметкерлер, балаларға сүйіспеншілікпен қарап, оларға өзін-өзі күту дағдыларын игеруге көмектеседі, топтардағы тазалық пен тәртіпті сақтауда маңызды рөл атқарады. Мұнда таңғы ас пен түскі асты тәжірибелі аспаздар дайындайды.
Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені, осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан, осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады. Балабақшаның барлық қызметкерлері үшін бастысы – балалар. Олар әртүрлі қызықты, күлкілі, ақылды. Олардың қасында балаларды білетін, әрқайсысының жүрегінің кілтін таба алатын мақсатты, жігерлі тәрбиешілер бар.
Мекеменің және ұжымның тарихын бастамашыл қызметкерлер құрайды. Барлығы өз ісіне жанқиярлықпен ғашық үлкен және тату отбасы іспетті,-дейді балабқша меңгерушісі.
«Мөлдір бұлақ» бөбекжай-балабақшасының ұйытқысы, ізденімпаз, іскер басшы Майра Байдәулетова балалардың жан-жақты қорғалған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына барынша жағдай жасауда. Балабақшадан ұшқан жас түлектер бүгінгі таңда мектепте оқып, білім алуда. Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына тәрбие білім, беруде балабақша ұжымы жас та болса біршама жетістіктерге қол жеткізген. Ата-аналардың пікірінше, «Мөлдір бұлақ» бөбекжай-балабақшасы «Балалардың саялы мекені».
Қанша жыл өтсе де, балалық шақтың ерекше сәттері өткен жер біз үшін қымбат және жақын болып қала береді. Сондықтан, әр баланың балалық шағын ашу-ызаға емес, бақытқа толтыруға тырысқанымыз жөн.
Лаура Мұсабекова,
“Жаңа өмір”