Basty bet
Сынға-жауап
Жуалы ауданы «Б.Момышұлы ауылы әкімінің аппараты» аудандық «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» газетінің 24 мамыр №37(8923) санында «Жаяу жүргіншілер жолына кім жауапты?» тақырыбымен жарияланған мақаладағы З.Толымбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер көпірінің жанында жатқан тұрмыстық қалдықтардың суреті бойынша төмендегідей мәліметті жолдаймыз. Аталған орындағы кездейсоқ қоқысты апта сайын «Ғапар» ЖШС мекемесімен тазаланады. Сол аймақтағы көше тұрғындарымен түсіндірме жұмыстары өткізілді. Алайда көше тұрғындарының мәліметі бойынша түнгі мезгілде қоқыстарды тастап кетуі анықталып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Затыбек Пашенов,
Б.Момышұлы ауылы әкімінің міндетін атқарушы