Basty bet

Жеңімпаздар марапатталды

Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында «Мерейлі отбасы» аудандық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға барлығы жеті отбасы қатысып, олардың ішінде төрт отбасы іріктеліп, облысқа жолдама алды.
Жиынды аудан әкімі Нарбай Ергебеков ашты.
-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Мерейлі отбасы» байқауы елімізде бірнеше жыл бұрын бастау алған болатын. Байқау отбасы құндылықтары мен бір шаңырақ астында берекелі өмір сүру маңыздылығын насихаттауда ерекше маңызға ие болып отыр. Ауданда осынау игі шараға қатысушы үлгілі отбасылардың қатары жылдан-жылға артып келеді. Сонымен қатар, елімізде көпбалалы отбасыларды қолдау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алдағы уақытта да байқау өз жалғасып тауып, үлгілі отбасылардың қатары арта береді деген сенім білдіремін. «Отбасы – Отанның тірегі» демекші, жеңімпаз отбасыларға зор денсаулық, шаңырақтарына амандық, бақ-береке тілеймін, – деді Нарбай Әбілқасымұлы.
Байқау нәтижесінде жүлделі І орынды көпбалалы Абдраимовтар жанұясы иеленді. Ал, ІІ орын спортсүйер, көпұлтты, жас отбасы Шыңғазы (суретте) әулетіне бұйырды. Сайыстың үшінші тұғырын «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы бойынша Тараз қаласынан қоныс аударған жас Баймұрзаевтар отбасы және өнерсүйер Маймақовтар жанұясы өзара бөлісті.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Айгүл Қалымханқызы.
Суретті түсірген
Сәбит КҮЗЕМБАЕВ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close