Basty bet

Әлеуметтік мәні бар өтініштер қаралды

Аудан әкімі аппаратының ғимаратында аудандық әлеуметтік-әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы өтті.

Аудан бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайтын арнайы комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Анар Ахметова ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде бір мәселе – ауданның 13 жекелеген азаматынан әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініштерді, оның ішінде қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінен босатылған бес азаматтың және әлеуметтік мәні бар сегіз азаматтың өтініштері қаралды.
Комиссия мүшелері аталған мәселелерді жан-жақты зерделей келе, бірауыздан шешім қабылдады.
Айта кету керек, жиын барысында сөз алған комиссия мүшесі Керімхан Төреқұлов ардагерлерді шипажайларда демалдыру мәселесі бойынша кеңінен әңгіме қозғап, мұндай мүмкіндік берілетін ардагерлерге қандай талаптар қойылатындығы атап өтті.
Өз кезегінде комиссия төрайымы Анар Садыққызы бұл мәселе төңірегінде жас кезінде қара жұмыс істеген ардагерлер ескерусіз қалмау керектігін айтып, комиссия мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты Мұхамеджан Әсемовке бұл мәселені назарға алуын сұрап, жиынды қорытындылады.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close