Basty bet
АМАН ЖҮРГЕН ӘР КҮНІҢДІ БАҚЫТ САНА, ТОЙ САНА!
…Мүмкін емес санап шығу кеше-бүгін өлгенді…
Ертеңгі күн қабақ ашпай қарайтындай елге енді…
Бар жамандық атаулыны бір-бірінен көретін,
Кешір, Алла, есі ылғи кеш кіретін пендеңді.
Дағдаруда дүрбелеңнен жұртқа, жерге егелер,
Құрғақ сөзбен жұбатудан басқа қолдан не келер?
Тығып сатып пайда таппақ болған дәрі-дәрмектен,
Алаяқтың көсегесі қайдан енді көгерер?
Үрейлі ақпар, ауыр дерттен астаң-кестең ой-сана,
Жебір ажал жұтынуда тоймаса да, тойса да.
…Таң атқанда көзіңді ашып аман-есен оянған,
Әр күніңді ағайын-ау, бақыт сана, той сана!
Үміт БИТЕНОВА,
ақын.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі