Qoǵam
Заң талаптары түсіндірілді
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында жиын болды. Оған аудандағы құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Жиынды аудан прокуратурасының прокуроры Елдос Әуезұлы ашып, жүргізіп отырды. Елдос Әуезұлы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу, оның ішінде 44- бап пен 804-бапқа ерекше тоқталды.
– Атап айтқанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу ескерту жасауды қоспағанда, баптың санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген; құқық бұзушылықты артықшылық берілген немесе иммунитеті бар адамдар жасаған; олар бойынша істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған; олар бойынша істерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілеттік берілген жұмыскерлері осы Кодекстің 804-бабының екінші бөлігінде көрсетілген баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған жағдайда қолданылмайтыны айтылды.
Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық табылған және оны жасаған тұлға анықталған кезде осы Кодекстің 804-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкілетті адам әкімшілік іс жүргізу қозғайды және тұлғаға айыппұлды баптың санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының 50 пайыз мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді,- дей келіп, прокурор заң талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сонымен бірге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Елдос Ахметов,
аудан прокуратурасының прокуроры