Basty bet

Құрылысқа қадағалау қажет

Биылғы жылы аудан көлемінде барлығы 15 ауылда ауызсу жүйесінің құрылыстары жүргізіліп жатқандығын ескерсек, тиісінше, құрылыстың сапалы атқарылуын қадағалау жұмыстарының маңызы зор. Осы ретте аудан әкімі Нарбай Ергебековтың өзі бас болып ауылдардағы ауызсу жүйесінің құрылыстарын жіті бақылауына алып отыр. Кеше аудан әкімі Н.Ергебеков пен орынбасары Асхат Жабағы Шақпақата ауылына барып, осында жүргізіліп жатқан ауызсу жүйесі құрылысының барысымен жақынырақ танысты. Аудан басшысы өз сөзінде құрылысқа жауапты мердігер компанияның өкілдеріне жұмысты сапалы әрі уақтысында аяқтап, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.

Үміт Мадиярбек,
аудан әкімінің
баспасөз хатшысы

Таңдаулы материалдар

Close