Basty bet
Бірқатар нысандарды аралады
Аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаевтың басшылығымен аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ аудандағы бірқатар сауда орындарын аралады.
Ернұр Маратұлы бастаған топ мүшелері кәсіпкерлік нысандардың иелері мен тұрғындардың елімізде жүріп жатқан індетке байланысты сақтық шараларын сақтауына қатаң бақылау жасап, тиісті жағдайда ескерту жасады. Сонымен қатар, сақтық шараларын сақтаудың адам денсаулығы үшін қаншалықты маңызды екенін де түсіндіріп өтті.
Мониторингтік топ жұмысы жоспарға сай жалғасуда.
Аудан әкімінің
баспасөз қызметі