Basty bet
Сапаны қадағалау қарымы арта береді
Ауыл шаруашылығы еліміз, соның ішінде ауданымыз экономикасының негізгі салаларының бірі болып есептеледі. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында осы асыраушы салаға жетекші маңыз беріліп отырады.
Биылғы қазақстандықтарға арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Негізгі міндеттеріміз: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру» деген сынды бірқатар міндеттер жүктеді.
Жолдауда белгіленген мақсат-межелер мен міндеттердің өңірде орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жуалы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ілияс Мұртазадан сұрағанымызда ол былай деді:
– ҚР АШМ АӨК МИК Жуалы аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау саласы бойынша 2020 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-02/584 бұйрығына сәйкес 2020 жылы 30 шаруа қожалығынан фитосанитарлық есептілік қабылдауда. 70 шаруа қожалығының иесіне фитосанитарлық есептілікті уақытында ұсынбауына байланысты ұсыным берілді.
РФДжБӘО РММ Жуалы аудандық филиалы мамандарының 03.08.2020 жылы берген № 79 дабылдық хабарламасына сәйкес фитосанитарлық мониторингті уақтылы жүргізбей зиянды организмнің қоршаған ортаға таралуына жол беруіне байланысты ӘҚБтК 403 бабы 2 тармағына сәйкес 3 шаруа қожалық жетекшілеріне айыппұл салынды.
Жаздың алғашқы айында Билікөл, Мыңбұлақ, Жетітөбе, Ақтөбе ауылдық округтеріндегі 700 га алқапта үйірлі марокко шегірткесіне қарсы жер үсті бүріккіштері арқылы Диурон с.к., Имидор 20% в.к., Комбат 550 к.э. инсектицидтерімен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген. Одан бөлек, осы кезеңдерде Билікөл, Ақтөбе, Жетітөбе, Қошқарата, Мыңбұлақ, Көкбастау, Қызыларық ауылдық округтеріндегі 6 600 га алқапта үйірлі шегіртке итальяндық прусқа қарсы жер үсті және әуе ұшақ тәсілі арқылы «АН-2» ұшағымен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Өңдеу жұмыстары барысында Диурон с.к., Имидор 20% в.к., Комбат 550 к.э., Даклоприд 20% в.к инсектицидтері пайдаланылған.
Үстіміздегі жылы инспекция қызметкерлері «РФДжБӘО» РММ Жуалы аудандық филиалының мамандарымен бірлесіп, үйірлі шегірткелердің шағылысу жұмыртқа салу барысы бақыланып, 2021 жылы итальян прусы 6 000 га, марокко шегірткесі 500 га алқапта ЭЗШ-дан жоғары көлемі қоныстануына болжам жасалынды.
Өсімдіктер карантині саласындағы жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Ауданда жаппай таралған карантиндік арамшөпу кекіре. 2020 жылға жалпы 1 932 гектар алқапқа карантинді арамшөп у кекіреге қарсы өңдеу жұмыстары жоспарланған. Оның 1 000 гектары мемлекеттік қордағы жайылымдық, қалған 932 гектары егістікжәне шаруашылықтардың жайылымдық жерлері. Аталған арамшөп анықталған егістік жерлердің егелеріне 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №284 қауылысына сәйкесу кекіреге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу туралы 27 дана нұсқама беріліп,қаулыдағы шаруашылықтар нұсқаманы тиісінше орындап, яғни егіс алқаптарына агротехникалық және химялық өңдеу жұмысатарын жүргізді.
Ауданда 2014 жылы анықталған аса қауіпті карантинді ауру жеміс ағашының бактериалдық күйігіне 4 дана нұсқама беріліп, қойылған талап толығымен орындалды. Үстіміздегі жылы өңдеу жұмыстары 32 гектарға жоспарланып «Қоралас» ШҚ 19 га, «Таң» ШҚ 10 га және «Мәдина» ШҚ 3 га, барлығы 32 га жеміс бақтарына «Косайд 2000» фунгицидімен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданда карантинді аурукартоптың алтын түстес жұмырқұрты 2017 жылы картоп тұқымынан анықталған болса, 2018 жылы «Жаңаталап» ШҚ 34 га картоп алқабынан, 50 га мақсары егісінен, 30 га қант қызылшасы, 14 га күнбағыс егістіктерінің топырағынан, «МААК» ШҚ 3 га алма бағы, 5 га қант қызылшасы, «Ақмарал» ШҚ 17 га эспарцет, 1 га жүгері, 10 га күнбағыс, «Айкүміс» ШҚ 10 га картоп егісінен, «Арапат» ШҚ 2 га күнбағыс, «Айдар» ШҚ 16 га картоп егісінен, «Жандос» ШҚ 31,6 га мақсары егістігі орналасқан топырақ сынамаларынан, барлығы 223,6 гектар алқаптан жоғарыда аталған карантиндік зиянкес анықталып, аталған егістік жерлерге Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №221 қаулысымен карантиндік режим енгізіліп, осы аталған шаруашылықтарға нұсқамалар беріліп, шаруашылықтар толығымен нұсқаманы орындап, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берілмеген.
Карантиндік нысан егістік арамсояуға қарсы ауданішілік Б.Момышұлы-Қошқарата, Б.Момышұлы-Қызыларық автомобиль жолдары бойында химиялық өңдеу жұмыстары 20,3 гектар алқапта жүргізілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары талаптарына сай сертификаттар беру қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан ауыл шаруашылығы өнімдерін, яғни өсімдік тектес түрлерге фитосанитарлық сертификат алуға 36 дана өтінім түсіп, оның ішінде 15 өтінім иесіне «Өсімдіктер карантині туралы» Заң талаптарына сәйкес бас тартылды, қалған 21 өтінімге сәйкес Қытай Халық Республикасына 109,4 тн жоңышқа түктерін, және 120 тн мақсары майы, және 600 тонна мақсары тұқымын жөнелтуге, Ақтау қаласына 40 тн қырыққабат дақылдарына тиісті құжаттар берілді.
«Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сәйкес аудандық орталық базарға тексеру жүргізіліп, жеміс көкөніс дақылдарын тиісті құжаттарынсыз сатқаны анықталған бес жеке тұлғаға айыппұл салынды. Оның ішінде төрт айыппұл уақтылы төленіп, бір айыппұл иесінің құжаттары сот орындаушысына жолданды.
Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар тұрақты атқарылуда. Мәселен, карантиндік инспектор жұмыс атқаратын орнында бейнебақылау орнатылған, облыстық комитет мамандарының қатысуымен жиындар ұйымдастырылып, тоқсан сайын мекеме қызметкерлерімен аталған тақырыпта дөңгелек үстел өткізіліп, онда мемлекеттік инспекторлардың жұмысы қатаң бақылауда екендігі баса айтылып, қызмет барысында Әдеп кодексі талаптарына қатаң бағынып, тек қана заң аясында жұмыс атқару тапсырылады, – дейді ҚР АШМ аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ілияс Мұртаза.
Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»