Basty bet
Бизнесті жүргізу
Мемлекет басшысы тәуелсіздік алған сәттен бері Қазақстан Республикасындағы бизнестің жай-күйіне үлкен назар аударып келеді. Және де қазіргі кезеңде әлемнің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиялық міндеті алға қойылып отыр.
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін объективті сыртқы бағалау әртүрлі рейтингтер болып табылатыны белгілі. Оларды халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер қалыптастырады. Танылған рейтингтердің бірі – «Doing Business» («Бизнесті жүргізу»).
Дүниежүзілік Банк қалыптастыратын «Doing Business» рейтингі немесе бизнесті жүргізу жеңілдігін айқындау рейтингі елдегі бизнес-климатты жақсарту үшін қабылданатын реформаларға объективті сырттай баға болып табылады.
Рейтинг 10 индикатор негізінде құрылады:
1. Кәсіпорынды тіркеу.
2. Құрылысқа рұқсат алу.
3. Жеке меншікті тіркеу.
4. Кредит алу.
5. Инвесторларды қорғау.
6. Салық салу.
7. Халықаралық сауда.
8. Келісімшарттарды орындау.
9. Төлем қабілетсіздігін шешу.
10. Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу.
Осылайша, «Doing Business» рейтингі кәсіпорынды ашудан бастап оны таратуға дейінгі тіршілік кәсіпкерліктің күллі айналымын талдау мүмкіндігін береді.
Қазақстанның осы рейтингіге қатысуы АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Гонконг және т.б. сияқты елдерде бизнесті дамытуға ықпал ететін заңнамалық реттеуде болып жатқан өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді. Олардың тәжірибесін зерделеу біздің елімізде де табысты реформаларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Осылайша, Дүниежүзілік Банктің 2015 жылғы 27 қазандағы «2016 жылы бизнесті жүргізу» есебіне сәйкес Қазақстан Республикасы Бизнесті жүргізу көрсеткіштерін жақсарту бойынша ең озық нәтижелерге қол жеткізген елдердің қатарына кіруді мақсат етіп отыр.
Қалан Мәмбетәлиев,
Жамбыл ауданаралық
әділет басқармасының инспекторы