Basty bet

«Жомарт жүрек» акциясы

Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің «Қамқор» қайырымдылық қорының ерікті және кәсіпкер жастардың ұйымдастыруымен Б.Момышұлы ауылының тұрғындары оның ішінде көмекке мұқтаж қарияларға тұрмыс жайларына жөндеу, ауласын күл-қоқыстан тазалау, есік-терезесін сырлау, үйін, ауласын ақтау секілді түрлі жұмыстар жүргізілді.
Акцияның мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, қайырымды, мейірімді болуға, жанашырлыққа, мейірбандылыққа, өз елін, жерін құрметтеуге, үлкенге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Табиғатты, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру, қоғамда болып жатқан індетке байланысты аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарияларымызға көмек қолын созуға жастарымызды дағдыландыру.
«Жомарт жүрек» акциясын «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Мейіржан Телеушов ашып, ерікті жастарға сәттілік тілеп, қайырымдылық шарасына атсалысып, белсенділік танытқан кәсіпкер азаматтарға алғысын жеткізді. Қайырымдылық – адам баласының жан дүниесін ізгілікке, тазалыққа бағыттап отыратын ұлы күш. Осы орайда ауданымызда ерікті жастардың көмегімен түрлі отбасылардың үй жайларына көмектер көрсетілуде.
Шара қорытындысында қарияларымыз «Жастар ресурстық орталығы» мекемесіне және ауданның ерікті жастарына алғыстарын білдірді.
Қоғамда тағдырдың қиын сәтінде қалып кеткен жалғызілікті, аз қамтылған отбасыларына қол ұшын беріп, көмек көрсету – жас ұрпаққа парыз.

Аудандық
«Жастар ресурстық
орталығы» мекемесі

Таңдаулы материалдар

Close