Basty bet

Өңірлерді таза аймаққа айналдырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды орындау мақсатында ішкі істер органдары өз құзіреті шегінде өңірлердің экологиялық ахуалын жақсарту, тұрғын халықтың табиғатқа ұқыпты қарауын әдетке айналдыру бағытында белгілі бір шараларды қабылдауда.

Өкінішке қарай, соңғы кездері азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан экологиялық заңнаманы өрескел бұзу, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіру, қоғамдық орындарды ластау және т.б. оқиғалары жиілеп барады. Осы орайда, Жолдауда жүктелген тапсырмалар негізінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жергілікті құрылымдық бөлімшелері басқа да мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан экологиялық қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін ұдайы қолдау көрсетуді қажет етеді.
Аталған министрлік ағымдағы жылғы шілде-тамыз айларында құзырлы мемлекеттік органдардың қолдауымен экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында «Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізуді жоспарлаған болатын.
ҚР Ішкі істер министрлігінен облыстық полиция департаментіне түскен нұсқауға сай Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізуге барынша көмек көрсетуді ұйымдастыру тапсырылды.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Дәурен Сапиевтің айтуынша, іс-шараға жергілікті полиция қызметі, әкімшілік, криминалдық полиция, көші-қон қызметі, тергеу және төтенше жағдайлар бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, олардың тиімді өзара іс-қимыл жасасуы қамтамасыз етілуде.
Іс-шараны өткізу, сондай-ақ бұл ретте жедел-алдын алу іс-шарасына жұмылдырылған ішкі істер органдары мен бөлімшелерінің әрқайсысының нақты міндеттері белгіленіп, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұсынған «Таза қала» рейдтері кестесіне сәйкес тартылатын күштер мен құралдарды орналастыру жоспарлары әзірленді.
Жедел-алдын алу іс-шаралары барысында еліміздің су қоймаларында биоресурстар – алюмосиликаттық микросфераны, балықтар аулау және т.б. заңсыз табу, күлшлактар қалдықтарын және т.б. ұрлау ісіндегі ағымдағы жағдайға талдау жүргізіліп, соның негізінде мұндай фактілерді анықтау, жолын кесу және тергеу бөлігінде жедел-тергеу бөлімшелерінің және жергілікті полиция қызметінің жұмысы жандандырылды.
Патрульдік полиция жасақтары, соның ішінде бірлескен мобильдік топтар ЭГТРМ өкілдерінің қатысуымен су қоймалары жанында азаматтардың жаппай келу орындарында құқықбұзушылықтарға баса назар аударды.
Атап айтқанда, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе адамдардың мас күйінде келуі (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу»); абаттандыру элементтерін бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру; су қоймаларының түбінен алынған тұзды және балшықты саудалау (ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы «Белгіленбеген орындарда сауда жасау; белгіленбеген орындарда балық аулау (ҚР ӘҚБтК 383-бабы «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу); ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу); ортақ пайдаланылатын орындарды ластау (ҚР ӘҚБтК 434-2-бабы «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау); су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау (ҚР ӘҚБтК 412-бабы су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау); карантиндік шектеулерді бұзушылық (ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) фактілерінің жолын кесу қамтамасыз етілді.
Іс-шара кезеңінде табиғатты қорғау заңнамасын басқалай бұзушылықтарды анықтау шаралары қабылданды, бұл ретте азаматтарда аңшылық атыс қаруы мен патрондарды, суық қаруды сақтауына, алып жүруіне, аң, балық аулау, ағаш кесу, ағаш және табиғатты пайдаланудың басқа түрлерін дайындау құқығына, сондай-ақ барлық биологиялық ресурстар түрлерінің объектілері мен өнімдерін тасымалдауға рұқсат құжаттарының бар-жоғы мәніне барлық автожолдарда, соның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда және «Шеп» жүйесі бекеттерінде көлік құралдарын тексеру ұйымдастырылуда.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің аң аулау ережелерін және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар фактілеріне жол бермеу туралы жеке құрам арасында түсіндіру жұмысы жүргізілуде.
Полиция бөлімінің қарамағындағы қызметкерлер жеке бастың және эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтауы, барынша әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, міндетті түрде медициналық бетперде тағып жүру, қолғап, әр қатынас сайын санитайзерлер пайдалану, қол жуу, т.б. талаптар қамтамасыз етілді.
– Ағымдағы жылғы 23 шілде мен 30 тамыз аралығында өткізілетін рейдтік іс-шаралар барысында аудан аумағында түрлі сипаттағы 102 әкімшілік құқықбұзушылық деректері анықталып, тиісті шаралар қолданылды. Қорыта келгенде, мұндай іс-шаралар азаматтардың қоршаған ортаға жанашырлық сезімін арттырып, табиғаттың жақсаруына өз септігін тигізеді деген ойдамыз, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Дәурен Сапиев.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Close