Basty bet

Білім жүйесі қашықтан оқытуға дайын

Жаңа оқу жылы басталуға аз-ақ уақыт қалды. Осыған байланысты ұстаздар ата-аналарды да әртүрлі сұрақтар мазалайды. Менің де орта мектеп жасындағы екі балам бар. Карантин жағдайында олардың оқуы қалай ұйымдастырылмақ? Қашықтан білім беретін мұғалімдер тиісті дайындықтан өткен бе?
Айнұр ТАУБАЕВА,
Бауыржан Момышұлы ауылы.

– 2020-2021 оқу жылы COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты білім мекемелерінде қашықтан және штаттық режімде оқыту жоспарлануда.
Ауданда жаңа оқу жылындағы оқушылардың болжамды саны -11 572 бала. Өңірдегі 39 орта мектептің ішінде бала санының аздығына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 21 мектепте 2 649 бала дәстүрлі түрде оқытылса, қалған 18-інде оқушылар қашықтан оқытылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, осы аталған 18 мектепте 1- 4 сыныптағы 1 715 оқушыға кезекші 149 сынып жұмыс жасайды деп жоспарлануда.
Қашықтан оқыту үшін педагогтар білім жетілдіру курстарынан өткізілуде. «Microsoft MII» курсын 1 385 педагог оқып, сертификаттарын алды. 17-22 тамыз аралығында 1 600 педагог «Қашықтан оқытуды үйренемін» тақырыбында онлайн курстың тізіміне еніп, өз білімдерін жетілдіруде. Оқу «Stepik.orq» платформасы бойынша өткізіледі.
Қашықтан оқытылатын мектептердегі 8 923 оқушының 2944 оқушысында (1619 отбасы) жеке компьютерлері немесе ноутбуктары бар, 5 567 оқушыда (әлеуметтік жағдайы төмен отбасы баласы 1 363 (2572, соның ішінде аз қамтылған 1 120 отбасы) мүлдем компьютері немесе ноутбугы жоқ. Мүлдем компьютері немесе ноутбугы жоқ оқушыларға мектеп теңгеріміндегі 1 032 компьютер таратып берілуде.
Салтанат КАУКАЕВА,
аудан әкімдігі білім бөлімі басшысының м.а.

Таңдаулы материалдар

Close