Basty bet

Нұрислам Бас жүлдені жеңіп алды

Аудандық «Абай оқулары» байқауына барлық ауылдық кітапханалардың тұрақты оқырмандары белсене қатысып, өнерлерін паш етті. Бірінен-бірі оза шауып, ақынның шығармаларымен көпшілікті сусындатты. Жалпы аудандық байқауға 24 оқырман қатысты.

Байқау кезең-кезеңімен Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында, Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында, Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында және аудандық балалар кітапханасында өтті. Шараға әр ауылдық кітапханадан бір қатысушыдан қатысып, өнерлерін көпшілікке ұсынды.
Осылайша әр округте ұйымдастырылған Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай оқулары» атты аудандық байқауы мәресіне жетіп, өткен аптаның жұмасы күні қорытындыланды.
Жеңімпаздарды аудандық орталық кітапхананың «Білім орталығына» арнайы шақырып, марапаттады.
Шараны кітапхана директоры Салтанат Біләнқызы ашып, байқауға қатысушыларға алғысын жеткізіп, байқаудың жүлдегерлеріне марапаттарын табыстады.
Байқаудың нәтижесінде Бас жүлдені Теріс ауылдық кітапханасының оқырманы Нұрислам Молдабай жеңіп алды. Жарыстың І орны Бәйтерек ауылдық кітапханасының оқырманы Нұрданай Орынбаеваға, Күреңбел ауылдық кітапханасының оқырманы Нұршат Әбзелбекке, Шыңбұлақ ауылдық кітапханасының оқырманы Ақмаржан Каналға бұйырды. Ал, ІІ орыннан Ақтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Бифатима Лесбек, Сұрым ауылдық модельді кітапханасының оқырманы Назерке Талғатқызы, Қошқарата ауылдық кітапханасының оқырманы Аружан Махай көрінді. Байқаудың жүлделі ІІІ орнын Көктөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Алуа Әмірхан, Қарабастау ауылдық кітапханасының оқырманы Айшабибі Ақберген иеленді.
Сонымен қатар, байқауға белсене қатысқаны үшін Алғысхатпен Шақпақата ауылдық кітапханасының оқырманы Аян Әмірбек, Көлбастау ауылдық кітапханасының оқырманы Ерасыл Тұрар, аудандық орталық кітапхананың оқырмандары Мұхит Беркімбаев және Назым Талас марапатталды.

Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Close