Basty bet

Табыстың кілті – бірігуде

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек, бұған ұйқасты өлең сөз керек» демекші, Президенттің кезекті Жолдауы халық пен ел тағдыры сынға түскен күрделі кезеңде жарияланып отыр. Жай кезеңде болса да дәстүрлі Жолдаудан жағымды жаңалық күтетініміз рас. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың тікелей эфирі арқылы Қазақстан халқына арнап «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жария етті. Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа жария болған Жолдауда әлемде және біздің елімізде қалыптасып отырған күрделі кезеңнен бастап, мемлекет алдағы уақытта қандай шараларды қабылдайтыны жөнінде мәлім болды.
Президент Жолдауында айтылған ерекше бөліп айтылған мәселенің бірі – ауыл шаруашылығын дамыту жайы. Бұл жөнінде Қ.Тоқаев: «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы. Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек» деп атап өтті Президент.
Ауыл шаруашылығы ел экономикасын өрге сүйрейтін сала болуымен қатар, өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешуге де оң ықпал ететін сала болғандықтан аталған саланы барынша дамытуға көңіл бөлініп отырғанына қуаныштымын.
Ауданда картоп өндіру ісімен ұзақ жылдан бері айналысып келе жатқан маман ретінде айтарым, Президент Жолдауында баса көңіл бөлінген сала ретінде ауыл шаруашылығына да басымдық берілген. Шаруалардың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін арзан несиенің болмауы, кәсіби мамандардың да тапшылығы саланың дамуын тежеп келе жатқанын жасыра алмаймыз. Әсіресе, саланы дамытып, жұмысты жүргізуге кәсіби мамандардың алар орны зор деп білемін. Жолдауда айтылғандай, аграрлық саланы дамытуда алдағы уақытта мұндай мәселелердің оң шешілетініне сенемін.

Керімқұл БЕГАЛИЕВ,
«Зылиха» шаруа
қожалығының басшысы.
Жуалы аудандық
мәслихатының депутаты

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close