Basty bet
Кәсіпкерлерге үлкен көмек болмақ
Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауын жариялады. Жолдауды теледидардан отбасымызбен отырып тыңдадық.
Жолдау негізінен экономикалық, әлеуметтік мәселелерге арналды. Жолдауда барлық сала, халық көкейіндегі барлық мәселе қамтылды. Оның ішінде кәсіпкерлік салаға да ерекше мән берілді. Атап айтқанда, пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнеске субсидия беріледі. «Осы мақсатта бюджеттен 200 млрд теңге бөлінеді» деді. Бұл кәсіпкерлерге үлкен көмек болмақ.
Сонымен бірге ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 35 процентке жеткізу, осы саладағы еңбек етуші халықтың үлесін 4 млн-ға жеткізу керектігін айтты.
Нүрилә Мәлібекова,
кәсіпкер