Basty bet
Жауапкершілік жүгін терең сезінеміз
«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» дейді Алаш арысы Әлихан Бөкейханов. Мемлекетке, туған халқыңа адал қызмет ету – бәріміздің азаматтық борышымыз. Қандай болғанда да мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын сақтауға қалыптасуы, Әдеп кодексін оқып, өзін-өзі үйретуі, өзгеден үйренуі және өзгені үйретуі керек. Біздің мекеменің жұмысы Әдеп кодексінде белгіленген талаптарға сай және Әдеп жөніндегі уәкіл бекіткен жұмыс жоспарындағы реттілік бойынша жүргізілуде. Сонымен қатар, Президент Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жаңа редакциядағы Әдеп кодексі мемлекеттік мекемеде көрнекті орынға ілінген.
Әдеп кодексінің талаптарын сақтаудың нәтижесінде, қызметкерлердің арасындағы қарым-қатынас, сенімділік жарасым тауып, ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызмет алу ісін мейлінше атқарудамыз. Мекемеде осындай жүйелі жұмыстың жүргізілуі ұжым арасындағы өзара қызметтік ынтымақтастықты нығайтуға, қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және ұжымды қызмет барысында ортақ мақсаттарға жетуге біріктіреді деп ойлаймын. Біз мемлекет алдындағы жауапкершілік жүгін терең сезіне отырып, әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, тұрғындарға мемлекеттік қызмет түрлерін кәсіби түрде көрсетуге талпынамыз.
Азаматтармен қарым-қатынас жасау кезінде біз мынадай ұстанымдарды ұстануға тиіспіз: өз ойымызды дұрыс және дәлелді түрде баяндау; сөйлеп отырған адамның сөзін бұзбай, азаматтың сұрақтарын мұқият тыңдау, әңгімелесушіге ізгі ниеттілік пен құрмет білдіру; толық консультация беру және болуы мүмкін тәуекелдер туралы азаматтарды хабарландыру; жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ізгі ниетпен қарау, оларға қажетті көмекті көрсету. Шағым түскен жағдайда біз туындаған мәселені жылдам шешу үшін тиісті шараларды қабылдаймыз. Мұндай қарым-қатынас бізге мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс. Сонымен қатар, үнемі саламатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет. Әрқайсымыз жұмыстан тыс уақытта біз өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлқымызға жауапты екенімізді, ал, кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатындығын ұмытпауымыз қажет. Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшіге беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдаяттардан алыс жүру міндет. Жол қозғалысы ережесін бұзу, алкогольді мас күйде автомобиль басқару, сондай-ақ, жол полициясы қызметкерлеріне бағынбау өрескел әдеп бұзушылық болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші әлеуметтік желіні қолданған кезде интернет желісінің басқа қолданушыларымен әңгімелесуде сыпайылылық танытуы қажет.
Жалпы Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әрбір адам әдеп сақтауға, мәдениет танытуға міндетті. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа да тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділеттігін қамтамасыз етуге, ҚР заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекеттерімен жалпы мінез-құлқымен қоғам тарапынан болатын сындарға себепкер болмауға әр кезде тырысу керек.
Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, соның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін, адамгершілікке нұқсан келетін жағдайларға жол бермеулері қажет.
Нұрпейіс МҰРАТОВ,
Б.Момышұлы ауылы әкімі аппаратының
іс жүргізу бөлімшесінің басшысы