Basty bet

Қажетті мал азығымен қамтылған

Аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 47 санында журналист Нұржан Манасұлының «Мал ашуы  – жан ашуы» мақаласы жарияланған. Онда автор мал азығын дайындау барысында аймақта шөп бағасының қымбаттап кеткені туралы мәселе көтерген.

Ағымдағы жылы жазда таулы өңірде нарықтағы сұранысқа байланысты шөптің бағасы жылдағы орташа бағадан біршама көтерілгені рас. Оған облысымыздың Талас, Сарысу аудандары мен Түркістан облысындағы қуаңшылық салдарынан шөптің аз шығуы себеп болды. Алқап басынан шөптің түгі 600-700 тенгеден және аудан орталығында 700-800 тенгеден өткерілді.

Жалпы бүгінде ауданның жеке тұрғындары және агроқұрылымдар өздеріне қажетті қысқы мал азығымен толық қамтамасыз етілген.

Рақымғазы ҚҰНИЯЗОВ,

аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close