Basty bet
Әдеп қағидаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы заңнама қабылданған болатын.
Бекітілген заңнамада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары,мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары және де әдеп жөніндегі уәкіл туралы, әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары, әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру ережелері көрсетілген.
Заңнаманы іске асыру барысында Жуалы ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Қойбақов Серік Дүйсенбайұлының Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерімен өткізген түсіндіру жұмыстары кезінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау және оны іске асыру біздің тікелей міндетіміз екендігіне баса назар аударылған болатын. Заман талабына сәйкес қоғам мен Үкімет арасындағы тығыз байланысты мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтаудағы негізгі қағидалардың бірі және бірегейі екендігіне де баса назар аударды.
2019 жылдың ақпан айында Көкбастау ауылдық округі әкімінің аппаратында сервистік орталық «Open space » (ашық алаң) ашылған болатын. Орталық халыққа мемлекеттік қызметтің барлық түрлерін көрсетумен бірге қызметкерлердің бір бөлмеде шоғырлануы Әдеп кодексін сақтауға үлкен септігін тигізіп отыр деп айтуға толық негіз бар. Әдеп кодексінің қағидаларын сақтау және құрметтеу әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті және абыройы.
Ержан Серкебаев,
Көкбастау ауылдық
округінің әкімі