Qoǵam
Параға емес, биікке ұмтыл!
Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі жедел жүріп жатқаны белгілі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының саяси жаңғыру ісінде аса маңызды факторлардың бірі «Электрондық үкіметтің» қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Бұл дегеніміз, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, клиенттермен тікелей қарым-қатынас жасамау арқылы жемқорлық көріністерін болдырмауға өзінің үлкен септігін тигізеді деген сөз.
Өркениетті қоғамның дамуына, өркенділік көшіне ілесуге кереғар әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қазіргі таңда біздің мемлекеттің алға қойып отырған басты басымдықтарының бірі.
Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосуды, Мәңгілік Ел болудың міндеттерін алға меже етіп қойып отырғанын білеміз. Сол себептен де еліміз жан-жақты дамып, азаматтардың рухы биіктеп, елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі бірінші орында тұрғанда ғана біз елімізді Қазақ елі деп атайтын боламыз.
«Еліңді сүйсең, ерлік жасайсың» демей ме дана халқымыз. Елін, жерін, өз замандастарын жақсы көріп, құрметтейтін әрбір азамат өмір сүру және қызмет барысында сыбайлас жемқорлыққа әсте бармайды. Біз бүгіннен бастап жас ұрпақты осынау патриоттық бағытта тәрбиелеуді жолға қоюымыз қажет. Сонда ғана еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақ жемқорлық, парақорлық секілді қоғамдағы жағымсыз қасиеттерден барынша аулақ болып өседі. Бүгінгі жас ұрпақтың қазіргі беталысы қандай болса, еліміздің, қоғамның ертеңгі бет-бейнесі де сондай болмақшы. Сыбайлас жемқорлық қай заманда да, қай елде де сол қоғамның қауіпті дерті саналған. Қандай жағдай болмасын, қоғамда жемқорлық көріністерін болдырмауға, оның алдын алуға бүкіл қоғам болып атсалысуымыз қажет. Параға емес, биікке ұмтылған абзал екенін әсте естен шығаруға болмайды.
Мұрат САПАЕВ,
аудандық әлеуметтік
қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы