Basty bet

Жария пікірсайыста бақ сынасты

Аудандық «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеу Праймеризінің жария пікірсайыс кезеңі жалғасын табуда. Кезекті жария пікірсайыс аудандық «Достық» мәдениет үйінде өтті. Пікірсайысқа Айбек Елекбаев, Гүлнар Мұсаханова және Руслан Айтбаев қатысты.

Жария пікірсайысты модератор Руслан Сайлаубаев ашып, жүргізді. Модератор жария пікірсайыстың ережелерімен таныстырып, бірінші раундқа кезек берді.
Пікірсайысты әлеуметтік желі қолданушылары «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының әлеуметтік желідегі парақшаларынан көре алады.
Бірінші раундта алғаш болып сөз Руслан Айтбаев өзін таныстыра келе, сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарға тоқталды. Р.Айтбаев жаңа кәсіпкерлік субъектілерін ашу – жаңа жұмыс орындарын құру кепілі екендігін және халықтың әл-ауқатын көтеруді, кәсіпкерлік саласын дамытуды қолға алатындығын айтып өтті.
Ал, Гүлнар Мұсаханова бүлдіршіндерді балабақшалармен қамтамасыз етуге, ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнес саласына көмек беруге, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға баса назар аударды. Сонымен қатар, ол тұрғындардың өтініш-тілектеріне, соғыс және еңбек ардагерлеріне, көпбалалы аналарға көңіл бөліп, әлеуметтік көмекті қажет ететін жандардың мұң-мұқтаждарын тиісті мемлекеттік орындарға жеткізуге ықпал жасайтындығын айтты.
Ауыл шаруашылығына басымдық беріп отырған Айбек Елекбаев ауданның бұл саладағы жеткен жетістіктерін айта келе, аталған саланы дамытуды қолға алатындығын жеткізді.
Бірінші раундта модератор Руслан Сайлаубаев «Жастарды қалай кәсіпкерлікке тартуға болады?, «Ашықтық принципін қалай ұстанасыз?» деген сұрақтарын Р.Айтбаевқа және Г.Мұсахановаға қойды.
Екінші раунд дебат форматында жүргізілді. Яғни, үміткерлер бір-біріне сұрақ жолдап, тұщымды жауаптарын алды.
Ал, сағат 14.00-де өткен пікірсайыс Әсима Шекеева, Зәуре Сегізбаева, Бауыржан Әшекеев, Нәзипа Кенжебаева, Мақпал Сүйінбайдың арасында өтті.
16 қыркүйек күні праймеризге қатысушы кандидаттар «Nurai Plaza» бизнес орталығында жария пікірсайысқа қатысты. Жария пікірсайыстың модераторы – Жарылқасын Орынбаев. Пікірсайысқа Динара Молдабаева, Перизат Нүрпейісова, Жансая Дәуітәлі, Гүлмира Әсемова және Гаухар Кемелова, Элмира Әбішева, Бекзат Үсіпалиев, Жанболат Орынбек, Айнакүл Ахмадбекова, Нұрдәулет Шырынбек, Дамира Мұхаметғали, Нұрбек Өтеш, Рахымжан Шынасылов, Бақыт Медеубаев қатысты.
Ал, 17 қыркүйек күні белгіленген кестеге және орынға байланысты Қарасаз ауылдық мәдениет үйінде жария пікірсайыста Ольга Цепкова, Людмила Турбина, Тейгран Аллахвердиев, Қалдыбай Байрамов, Сүлейман Сүлейманов бақ сынасты.

Суретті түсірген
Сәбит КҮЗЕМБАЕВ

Айгүл қалымханқызы,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Close