Basty bet
Парасыз қоғам – жарқын болашаққа бастар жол
«Жуалы адалдық алаңы» «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің Б.Момышұлы ауылы жастар ісі жөніндегі инспекторы Элмира Сүйінбаеваның ұйымдастыруымен «Парасыз қоғам» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Шараның мақсаты – жастар арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасыз қоғам құруға атсалысуға, адал еңбек етуге жастарды шақыру.
Кездесуге аудандық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Керімқұл Бегалиев және «Жуалы Адалдық алаңы» жобалық офисінің менеджері Айгерім Қасымғали қатысты.
Шарада «Жуалы Адалдық алаңы» жобалық офисінің менеджері Айгерім Қасымғали: «Сыбайлас жемқорлық – қоғамда тамырын тереңге жайған дерттің бірі. Бұл дертпен жаппай күресу үшін мемлекет тарапынан заңдар қабылданып, іске асырылуда. Яғни, әр адам жемқорлыққа жол бермеуге біркісідей атсалысуы керек. Әсіресе, еліміздің ертеңі саналатын жастарымыз бұл дертпен күресуді жете түсініп отыр. Жастардың бойына жаман әдеттен аулақ болуды саналы түрде сіңіре білсек, тамыры терең жайылған қасіреттің жойылуына өз үлестерін қосатыны сөзсіз»-дей келіп, сөз кезегін жеке кәсіпкер К.Бегалиевке берді.
«Қазіргі таңда қоғамда белең алған дерт – сыбайлас жемқорлық оқиғасы. Қоғам болып пара берушіні де, алушыны да қатаң бақылауға алып, тиісті шаралардың нәтижесінде алдын алу әрекеттері жүргізілуде. Түп тамырымен парасыз қоғам құруға барша адамзат тікелей жауапты екендігін ұмытпауы тиіс» – деген жеке кәсіпкер сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды әрдайым жастар қолдау қажеттігін жеткізді.
Сонымен қатар, А.Қасымғали жастар тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша жауапты лауазымды тұлғаларға жүктеп, нәтижесі қатаң бақыланатындығын, жастар парасыз қоғамды қалыптастыруға тікелей жауапты екендігін жеткізді.
Аудандық жастар
ресурстық орталығы