Basty bet

Тағайындау

Жуалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №217 ө өкімімен Жабағы Асхат Базарбайұлы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
ЖАБАҒЫ АСХАТ БАЗАРБАЙҰЛЫ
1979 жылы Жуалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2009 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Жерге орналастыру» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы ОҚО Түлкібас аудандық жер инспекциясының жетекші маманы болып бастаған. 2004 жылы ОҚО жер ресурстарын бақылау комитетінің Түлкібас аудандық бөлімінің бас маманы, 2006 жылы Түлкібас аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2006-2013 жылдары аталған бөлімнің меңгерушісі, 2013-2017 жылдары Түлкібас ауданы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған. 2017 жылдың наурыз айынан 2019 жылдың маусым айына дейін Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.
Отбасылы, үш ұл, бір қыз тәрбиелеуде.

Таңдаулы материалдар

Close