Basty bet

Мәдени іс-шаралардың мазмұны толығып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады. Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын. Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс» деп атап көрсеткен болатын.

Қоғам алдында тұрған өміршең тапсырмаларды жүзеге асыру мәдениет саласына да зор міндет артып отыр. Осы ретте біз өткізетін мәдени іс-шаралардың мазмұнын ұлттық идеямен байытып, ұлт болмысымен үйлестіруге күш-жігер салудамыз.
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығында бір аудандық, сегіз ауылдық мәдениет үйі мен 11 клуб, 20 мәдени ошақ халыққа қызмет көрсетуде. Ауданда халықтық атағы бар бес шығармашылық ұжым жұмыс істейді, атап айтсақ «Жуалы» халық театры, «Мыңбұлақ» халық театры, «Қызғалдақ» халықтық ән-би ансамблі, «Жаңабаевтар» халықтық отбасылық халықтық ансамблі, «Бөкейтау» халықтық вокалды аспапты ансамблі.
Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығында және ауылдық мәдениет үйлер мен клубтарда ағымдағы жыл басынан бері түрлі тақырыптағы 750 іс-шара өткізіліп, 67 112 көрермен қамтылды.
Мәдениет саласын жергілікті бюджеттен қаржыландыру жалпы көлемі 2020 жылдың 8 айында 184 469,0 млн. теңге бөлінді. Ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражат көлемі: 211 355,0 мың теңге. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 8 999,0 мың бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.
Орталықта 167 штат бірлігі, соның ішінде шығармашылық – 76, жоғары білімдісі -58, орта арнаулы білімді – 15, орта білімдесі – үшеу. 2020 жылы сегіз штат бірлігі берілген.
Іс-шараларды саралап қарайтын болсақ, жыл басында «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты аудандық айтысқа ауданымыздан бес ақын қатыстырылып, өткізілді. Айтыс өнері мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан жақты насихаттап, оның дамуына қолдау көрсету, болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу одан әрі дамытып салалық жақсарту мақсатында өткізілген дәстүрлі іс шара ретінде қалыптастыру сонымен қатар, дарынды жас ақындардың шеберлігінің шыңдала түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау, Жамбылдың шығармашылығын айтыс арқылы ұғындыру, насихаттау мақсатын ұстанған жыр бәйгесінің өтуіне облыстық халық шығармашылығы орталығы, аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы мұрындық болды.
Көлтоған ауылдық мәдениет үйінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында «Ұлы даланың жеті қыры – ұрпақтар сабақтастығының алтын діңгегі» атты дөңгелек үстел өтті. Көкбастау ауылдық округіне қарасты Теріс ауылдық клубында балалардың ауыз әдебиеті үлгілерін терең білуге жаттық сөйлеуге үйрету, рольде ойнау арқылы баланың тілін, ой өрісін дамыту, эстетикалық танымын тәрбиелеу мақсатында «Өнерлі бала өрге жүзер» атты шығармашылық кеш болып өтті.
Ақтөбе ауылдық клубында заң білімі саласынан мағлұмат беру, балалардың өз құқықтарын жете білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру мақсатында, еліміздің Ата заңын және басқа да заңдарды құрметтеуге, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, патриоттық тәрбие беру мақсатында «Заңды білу – заман талабы» атты сұрақ-жауап кеші өте қызықты өткізілді.
Тараз қаласы «Баласағұн» орталық концерт залында өткен халықаралық «Танцы по правилам» би байқауынан «Шақпақ» би тобы жүлделі І орын алып, көрермен көзайымына айналды.
Бүгінде қоғамда ұлтымыздың салт-дәстүріне қарама-қайшы пікірлер айтылуда. Шетелден келген жат ағымдар ислам дінін жамылып, ислами құндылықтарды жоққа шығарып, өздерінің қара ойларын іске асыруда. Олардың саны өкінішке қарай көбеюде.Олар жастар мен мектеп жасындағы балаларды теріс бағытқа тәрбиелеуде. Исламдағы теріс діни ағымдардың кесірінен қасиетті Ислам дінінің қазіргі заманда экстремизм, терроризм діні саналуы қынжылтады. Осы орайда, Көкбастау ауылдық округінің Теріс ауылындағы №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектепте өткен «Теріс ағым бірлікке емес, бүлікке апарады» ақыл-кеңес сағатының, Билікөл ауылдық округінің Қарабастау ауылдық мәдениет үйінде өткен «Тазалық кепілі – имандылық» атты жастар арасында пікір алмасудың тәрбиелік маңызы зор болды.
Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, ұйымшылдыққа тәрбиелеу бір біріне көмектесуді үйрету мақсатында Қошқарата ауылдық мәдениет үйінің жанында «Қыс кереметі» атты аққала соғудан балалар арасында жарыс өткізіліп, жарысқа түрлі жастағы балалар қатысты. Жарыстың қортындысы бойынша озат болған балаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 толуына арналған мереке ауданда бірқатар салтанатты іс-шаралармен атап өтілді. Бағдарламада Бақытжан Әбделиев әйгілі «Журави» әнін жанды дауыста орындаса, Мадина Сванбаева, Гүлнар Қашкеева, Бекзат Жұматаев халық арасында кең тараған әскери әндерді әуелетті. Евгений Цойдың орындауындағы «Уходим» әні де көпшіліктің көңілінен шықты.
Жуалы ауданының Жамбыл ауданындағы күніне арналған «Ауылым – алтын бесігім» атты іс-шаралар Аса ауылында «Жуалы», «Мыңбұлақ» халықтық театрларының «Берекең кетсе …» қойылымы қойылды. Аса ауылы өнер мектебінде кішкентай көрермендерге арналған мульттоптамалар көрсетілді. Ал Айша бибі ауылында «Жаңабаевтар» халықтық отбасының концерттік бағдарламасы өткізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дала фольклоры» мен музыкасының мың жылы” мен “Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет” арнайы жобалары аясында қазақтың ұлттық әуендерін, сондай-ақ дәстүрлі классикалық қазақ музыкасын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қосбөлтек, Шақпақата, Жаңаталап, Қарабастау, Талапты, Көктөбе, Жылыбұлақ, Қарасаз, Қоңыртөбе, Ақтөбе, Қошқарата ауылдық мәдениет үйі және клубында радиоконцерт берілді.
Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаларын ілгерілету мақсатында «Талас толқындары-2020» ІІ музыкалық өнер фестивалінің аясында «Жаңарған Жамбылым» облыстық эстрадалық әншілер конкурсы өтті.
Коронавирустың таралуына және карантин режимінің енгізілуіне байланысты сәуір айынан барлық іс-шараларды онлайн түрде өткізуге көшіріліп, аудандағы барлық ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының мамандары онлайн өткізетін іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оны жүзеге асыруға кірісті.
Аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұжымы осындай еліміздің басына ауыр жағдай түскен уақытта біз үйдеміз, біз біргеміз! #үйдеболыңыз #жуалы хэштекпен үйде отырған мәдениет қызметкерлерінің карантиндегі суреттерінен слайд жасаланып әлеуметтік желіге салынды.
Қазақстан халқының бірлігі күні, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына мәдени демалыс орталығы «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» айдарымен «Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат» атты концерттік бағдарлама, «Ешкім де, ещтеңе де ұмытылмайды» атты деректі еске алу, Ақтөбе ауылдық клубы «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» құттықтаулар, Қошқарата ауылдық мәдениет үйі «Бейбіт күннің шуағы» атты еске алу, Қосбөлтек ауылдық клубы «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты құттықтаулар, Талапты ауылдық клубы «Ерлік мәңгі жасасын» бата тілектер және «Бала тілі- бал» айдарымен жас бүлдіршіндердің онлайн өлең оқуы, Бәйтерек ауылдық мәдениет үйі «Естен кетпес отты жылдар» атты еске алуы әлеуметтік желіге жүктелді.
Рухани және тәрбиелік мазмұндағы құндылықтарды үлгі ету мақсатында «Үздік ауыл» жобасы аясында өткен Бауыржан Момышұлы ауылы әжелерінің «Киіз басу өнері – көшпенділер мұрасы» атты онлайн-сабағы өткізілді.
Шілде-тамыз айларында мәдени іс-шаралар онлайн өткізіліп, аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының фейсбук және инстаграмм парақшаларына жариялануда.
Жылқы малының жас ерекшеліктеріне қарай атауларын білу, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, ұйымдастыру арқылы жастарды жылқы малын жақсы көруіне ұлттық дәстүрлерді білуге шақыру мақсатында «Құлагер» сәйгүліктер фестивалі, Жастар күніне орай «Мен өз елімнің патриотымын» ән шашу Қарабастау ауылдық мәдениет үйінің мамандары ұйымдастырды.
Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Алтын Орда – Ұлы дала тарихының арқауы»атты суретшілер арасында онлайн байқау, «Абайдың мұрасы – адамзат қазынасы» әлеуметтік ролик, Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына орай онлайн көрме өтті. Қосбөлтек ауылдық клубы “Терроризм және оның зардаптары” атты онлайн оқу өткізді.
Қайсар АСЫЛБЕКОВ,
Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс орталығының директоры

Таңдаулы материалдар

Close