Basty bet

Саяси қызметшілер марапатталды

Жұртшылыққа белгілі болғандай, 2023 жылдың 19-шы наурызында елімізде маңызды саяси науқанның өткені белгілі. Ол – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы.
Аталған саяси науқанға қасиетті Жуалы ауданының сайлаушылары да белсене қатысып, өз таңдауларын жасады. Бұл ретте саяси науқанды ұйымдастыру ісіне атсалысқан мемлекеттік қызметшілердің де еңбегін ерекше атап өткен жөн.
Кеше аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында жиын өтіп, онда Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауының өтуіне белсене атсалысқан бірқатар саяси қызметшілерге марапат тапсырылды.
Атап айтқанда, Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын өткізу кезінде сайлау заңнамасы мен халықаралық стандарттарды сақтай отырып, жоғары кәсіби ұйымдастырушылық деңгей көрсеткені үшін аудан әкімі аппаратының, ішкі саясат бөлімінің және ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтердің бөлімше басшылары мен бас мамандарына аудан әкімінің Алғысхаттары берілді.
Марапаттарды аудан әкімі аппаратының басшысы Рәтбек Көсембаев тапсырып, аудан әкімінің атынан берілген марапат иелерінің жұмысына толайым табыстар тілейтінін жеткізді.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close