Basty bet
МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫН ЖАҢҒЫРТУ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТЫ
Қазақстанда мемлекеттік органдарды жемқор шенеуніктерден түпкілікті тазарту жалғасуда. Бұл тұрғыда көзге көрінетін нәтижелер болуда. Сонымен, жаһандық бәсекеге қабілеттілік бойынша жылнамалар әзірлеумен айналысатын швейцариялық Халықаралық менеджментті дамыту институтының деректері бойынша 2019 жылы Қазақстан «Парақорлық және сыбайлас жемқорлық» көрсеткіші бойынша бүтіндей 10 тармақ бойынша позициясын жақсартты, Оңтүстік Корея, Израиль, Испания және басқа да елдерді басып озып, 29-орынға ие болды. Одан басқа, саяси тәуекелдерді зерттеумен айналысатын американдық PRS Group ұйымының деректері бойынша Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсеткіші бойынша небәрі бір жарым жыл ішінде өз көрсеткіштерін екі есеге жақсартты.
Соңғы екі жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстары 23 пайызға аз тіркелді. Бұл беталыс 17 пайызға қысқарған тәртіптік құқық бұзушылықтарға да тән.
Жоғары жасырындылық деңгейімен ерекшелінген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтауда, жолын кесуде және ашуда 2015 жылы құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына басты рөл тиесілі болды. Біз барлығынасыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтіңмемлекет атынансыбайлас жемқорлық қылмыстарын, оларды жасаған адамдарға қарамастан, дәйекті түрде анықтап, жолын қатаң түрдекесетіндігін анық түсіндірдік. Бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ешкімге ешқандай аяушылық болмайды деген тікелей нұсқады.
Күштеу тәсілдеріне үміттенбеу
Сонымен қатар, біз сыбайлас жемқорлықты құқық қорғау қызметі шеңберінде тек репрессивті әдістермен жоюға үміт артып отырған жоқпыз.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, тек ғана күштеу шаралары жеткіліксіз болады. Себебі, сыбайлас жемқорлық-бұл тек қылмыстық кодекстің нақты нормасымен қылмыстың жеке құрамы ретінде сараланатын қылмыстық-құқықтық феномен ғана емес. Мұндай тәсіл өте қарапайым болған болар еді. Сыбайлас жемқорлықты, бірінші кезекте, көп құрылымды және көп деңгейлі мазмұны бар әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру қажет. Дәл осындай ұстаным тұрғысынан осы құбылысты жоюда бірқатар жетістіктерге жеткен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қалыптастырдық.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң өзгерістер мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын бүтіндей жаңғырту және азаматтық қоғам институттарының оны іске асырудағы рөлін арттыру нәтижесінде болды.Елбасы бастамасымен әзірленген және қабылданған екі құжат бұл тұрғыда шешуші рөл атқарды.ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы және мемлекеттік басқару саласындағы түбегейлі өзгерту көзделген, кәсіби, сыбайлас жемқорлыққа қатысты таза мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы сөз болып отыр.
Жоғары стандарттарға көшу
Ұлт Жоспарын орындау біздің еліміздің заманауи сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге жауап беретін дамудың жаңа моделіне көшуінің маңызды шарты болып табылатындықтан, осы құжат шеңберінде жасалған істерден бастайын.Өткен үш жарым жыл ішінде мемлекеттік аппарат реформасының мазмұнын түбегейлі өзгертетін институционалдық реформалардың бірінші блогының 15 қадамының 12-сі толықтай іске асырылды.Салалық жаңа заңды қабылдау және меритократия қағидатын енгізу жөніндегі шаралар мемлекеттік қызметтің мансаптық модельге көшуін жүзеге асыруға мүмкіндік берді.ЭЫДҰ-ның 2017 жылғы есебінде Қазақстанның мемлекеттік қызметінің кәсіби-стратегиялық деп танылуы кездейсоқ емес.
Құнды кадрларды бағалай отырып, өзгелерін қалай ынталандыруға болады
Осы құжатта мемлекеттік сектордағы қызметті тиімді басқарудың жаңа жүйесі, оның ішінде материалдық ынталандыру тетігін пайдалануоң баға алды.Өздеріңізге белгілі болғандай, Қазақстанда алты мемлекеттік органның базасында сынама жүзеге асырылды, оның барысында басқару құрылымдарын оңтайландыру және әкімшілік шығындарды қысқарту есебінен қызметшілердің еңбекақысы екі есеге артты. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, орындайтын жұмысының сипатына, көлеміне және нәтижелеріне қарай бонустар төлеуді көздейтін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу төмен еңбекақы мәселесін шешуге және құнды кадрларды ұстауға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық жағдайын жақсарту үшін де қажет, өйткені жоғары еңбек ақы төленетін және ынталандырылған маман, әдетте, заңмен және ар-ожданмен қақтығысқа өте сирек түседі.
Жергілікті атқарушы органдардың көбісі қосымша қаржыландыру көздерін қарастырды және Ұлт Жоспарында көрініс тапқан осындай маңызды бастаманы қолдауға дайын. Сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар ақталмаған баяулық танытуда. Бүгінгі күні осыған ұқсас жұмысты Білім және ғылым, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде ғана жүргізілді.
***
Жоғары әдеп стандарттарын жүйелі түрде енгізу мемлекеттік аппараттың ұйымдастырушылық мәдениетін одан әрі трансформациялауға ықпал ететіндігі сөзсіз. Стандарттарын өзімізге енгізуге тырысатын ЭЫДҰ елдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда әдептілік қағидаттарын мүлтіксіз сақтау басым рөл атқарады.
Этикалық кодексті бұзу мемлекеттік қызмет саласындағы оң өзгерістердің деңгейін төмендетеді. Біз лауазымды адамдар көрсететін, қызметтен тыс мінез-құлыққа нұқсан келтіретін дөрекілік пен төрешілдікті жою үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Алым-салық, дастарқан жаю және тарту жасау қоса жүретін тамыр жайған, төмен құрылымдарды жаппай тексерулер тәжірибесі ерекше алаңдаушылық тудырады.Көпжағдайларда мемлекет қаражатын жұмсамай және қол астындағылардың қалталарынаойран салмай, жағдайды қашық бақылауменжәне талдаумен шектелуге болады.Біз осы мәселелерді ерекше бақылауға алуға тиіспіз. Агенттіктің құрылымында адалдық департаменті құрылуы мүмкін, оның жұмысы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылауды жүзеге асырудың жаңа тәсілдеріне негізделетін болады.Әңгіме мемлекеттік қызметшілерді жеке өмірінен айыру немесе түрлі отбасылық салтанаттарға қатысуға тыйым салу туралы емес. Біздің әрқайсымыз қарапайымдылық танытып, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануымыз керек. Олар отырыстар кезінде де адамның мінез-құлық шегі айқындалады. Екі қарапайым нәрсе туралы ұмытпаған абзал.
Біріншіден, мемлекеттік қызмет атқаратын адамға кез келген жағдайда жоғары көңіл бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік қызметші өзінің әдепке сай емес мінез-құлқымен меритократия қағидатын, яғни лайықтылардың билік ету беделін түсіреді. Лайықты адам оған көңіл көтеру әзіл-қалжыңға, ал мерекелік дастарқанар-намысы бойынша еске алу асына айналғанда шектен шығуға мүмкіндік бермейтін әрқашан жоғары әдеп қасиеттерімен және мінсіз мінез-құлқымен ерекшеленеді.
Бүгінгі күннің басты міндеті – адалдық, әділдік, әдептілік және сатылмаушылық сияқты құндылықтарды біріктіретін парасаттылық идеологиясын кең ауқымды насихаттау.
Біз адамдарға қылмыстық салдарлар туралы ескерте отырып, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына жол бермеулеріне ғана назар аудартамыз. Бұл маңызды әрі қажет, бірақ сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдердің көпшілігінің мысалынан, тек қана қорқытуға негізделген саясаттың қалаған нәтижелерді бермейтіндігін айқын көрінеді. Мемлекетке, қоғамға және бизнеске сыбайлас жемқорлықты түбірінен жоюға бағытталған ойын ережелерінің бар екендігіне анық және міндетті жаңа әлеуметтік келісімшарт қажет. Осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бренд туралы
Қазіргі заманғы кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін өзекті ететіндігі сөзсіз. Дәл осы сала сыбайлас жемқорлыққа аса бейім болғандықтан, қазіргі заманғы технологияларды пайдалану бірінші кезекке шығады. Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігінің электрондық үкімет порталы және ХҚКО арқылы ұсынылуын біз еліміздің зор жетістігі ретінде бағалаймыз.
Бұл саланы дамытудың өзекті бағыты смартфон арқылы неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі және азаматтарды тиісті түрде оқыту болып табылады. Агенттік, мысалға, 10 минут ішінде азаматтың проблемасын шешуге мүмкіндік беретін «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасын іске қосты. Оның көмегімен 2 мыңға жуық шағым шешілді. Біз халық арасында қосымшаны белсенді түрде таратамыз және сол арқылы қызметкерлері азаматтармен жиі байланысатын барлық мемлекеттік органдарды (полиция бөлімшелері, қылмыстық-атқару жүйесі, әкімдіктер, ауруханалар және т.б.) қамтуға ниеттіміз.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын одан әрі іске асыру шенеуніктердің азаматтармен байланысын барынша азайтатын және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал ететін электрондық үкімет қызметтеріне және басқа да цифрлық сервистерге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл мәселелерді біз тез арада шешуіміз керек, өйткені жуық арада цифрланбаған нәрсенің бәрі өз құндылықтарынан өте тез айрыла бастайды,біз үмітсіз артта қалуымыз мүмкін. Бұл тұрғыда цифрландыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа брендке айналады.
Мен айтып өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі мәжілістемемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыруды жылдамдату қажеттілігіне назар аударылды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың стратегиялық маңыздылығына қарамастан, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру тым баяу жүруде. Бүгінгі таңда деректер базасының үштен бірі ғана біріктірілген. Осыған байланысты e-gov сервисінің мүмкіндіктері айтарлықтай шектеледі.
Шын мәнінде, цифрлық мемлекеттік аппараттың қалыптасуын айтарлықтай тежейтін тағы бір проблема бар. Мемлекеттік органдардың құжаттамалық қамтамасыз ету және бюджетті жоспарлау жөніндегі қызметін электрондық форматқа көшіру негізсіз түрде баяу жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызметшілердің әлі күнге дейін өзінің жұмыс уақытының көп бөлігін жоғалта отырып, үлкен бума қағазбен жұмыс істеуі нонсенс болып табылады. Мұндай жағдайда шешім қабылдаудың ұтқырлығы, жеделдігі және тиімділігі туралы айтуға болады?
Халыққа жақын болу
Мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен клиентке бағдарлануы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді саясаттың базалық элементтері болып табылады. Мұнда да белгілі бір нәтижелер бар. 230-дан астам мемлекеттік орган open space кеңселерінде жұмыс істеуге көшті, бұл қызметтік алаңдарды оңтайландыруға және айтарлықтай үнемдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ыңғайлы фронт-кеңселері бар сервистік әкімдіктер ашылуда. Мысалға, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары демалыс бөлмесі бар кабинетінен бас тартып, қарамағындағылармен бірге ортақ кеңістікте жұмыс істейді. Осыған ұқсас мысалдар аудандық әкімдіктер мен ауылдық округтер деңгейінде де бар. Бұл тәжірибе құқық қорғау және сот органдарында белсенді түрде енгізіліп жатқандығын ерекше атап өткен жөн. Біздің ойымызша, мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқарту дәл осындай заттардан басталады. Ең бастысы-өзгерістерге ықылас танытып, ерік беру.
Қоғамдық бақылаудың рөлі артып келеді
Біз өз тәжірибемізді қоса алғанда, бүкіл әлемдік тәжірибе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктері оған қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың өздері белсенді қатысқан жағдайда ғана, тиімді жұмыс істейтінін куәландырады. Осыған байланысты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында қоғамдық бақылау институтын қалыптастыру және дамыту міндеті басым бағыттардың бірі ретінде аталған.
Өткен жылы біз «Қоғамдық бақылау картасы» атты жобаны іске қостық, ол төменгі деңгейде, яғни аудандық және ауылдық округтер деңгейінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін құрудың бірінші қадамы ретінде қарастырылады. Ағымдағы жылы бұл бастама елордада дами бастады,онда «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жұмыс істей бастады. Азаматтардың өздері қандай басым әлеуметтік мақсаттарға қаражат бағыттауды анықтауға мүмкіндік беретін «Қатысу бюджеті» жобасын іске асырудан да күтілетін нәтиже көп. Мұндай жұмыс Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында басталды. Бұл бастаманы тарату салық төлеушілердің қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуге шешуші қадам болуы ықтимал.
Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты «Адалдық алаңы» жобасы болып табылады, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елордада жүзеге асырылды. Бүгінде оған барлық өңірлер тартылып, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды қозғалысқа айналуда. Еліміз бойынша ашылып жатқан адалдық киоскілері, дүкендері, кассалары және турникеттері жаңа бастама болды. Бұл бастама сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа тетіктерін іске қосуға мүмкіндік береді деп санаймыз.
Агенттік жанынан құрылып, орталық пен өңірлерде жұмыс істейтін арнайы мониторингтік топтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процестеріне қоғамдық ұйымдар мен азаматтарды тартудың бірегей үлгісі болды.
Күш-жігерді біріктіру-уақыт талабы
Нұрсұлтан Назарбаев бастаған институционалдық реформалар шеңберінде жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа моделіне көшу – шешілуі мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік, жеке секторларды және үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда осы саладағы күш-жігерді неғұрлым тиімді біріктіру кеңістігіндегі құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар өзекті мәселелергеалып келетіндігі сөзсіз. Олардың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық субъектілерінің тығыз өзара іс-қимылын көздейтін толыққанды институционалдық кеңістік құру міндеті бірінші орынға шықты. Өзара ниеттер туралы декларациядан сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған нақты бірлескен жобаларды іске асыруға көшу уақыты келді. Ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін және барынша тиімді әлеуметтік тәжірибелерді енгізу қажет.
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып барлық қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жұмысында болуы керек деп есептейміз. Бүгінгі күні«NurOtan» партиясы, «Атамекен» ҰКП, Азаматтық альянс, «ЖАҢАРУ» қозғалысы және басқа да қоғамдық ұйымдар осы тұрғыданүлгі көрсетуде. Дегенмен, бұл жеткіліксіз. Мысалға, парақорлықты қабылдамау ахуалын қалыптастыру процесіне діни бірлестіктер нашар тартылған, бірақ қоғамдық санаға сыбайлас жемқорлық сияқты лас және ұят құбылыспен үйлеспейтін сенімнің шынайы құндылықтарын ашатын уағыздар қандай күшті әсер ететіндігі белгілі.
Алдымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы істердің жай-күйі туралы қоғамды ақпараттандырудың бүтіндей әрі ұзақ мерзімді бағдарламасын құру бойынша үлкен жұмыс тұр. Біз бұған тек Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ғана емес, сондай-ақ Қазақстанныңболашақта қандай болатындығына немқұрайлы қарамайтын барлық журналистер мен блогерлердің көмегіне сенім артамыз.
Бірінші басшылардың жауапкершілігі туралы
Ағымдағы жылғы 20 мамырдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған мәжілісте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықты жою әкімдер жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі болатындығынмәлімдеді. Бұл үшін оларғажеке жауапкершілік жүктелетін болады. Осыған байланысты аумақтарды дамыту бағдарламасына сыбайлас жемқорлық серпінін көрсететін индикаторды қосу ұсынылды.
Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық үшін жеке жауапкершілігіне келетін болсақ, қазіргі уақытта Парламентте мұндай норманы енгізуді көздейтін заң жобасы қаралуда. Бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысы да бірегей ұстанымда. «Егер біз сыбайлас жемқорлықты түбірімен жойғымыз келсе, менің пкірімше, мемлекеттік органдардың басшылары өздерінің қарамағындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары жағдайында отставкаға кетуі керек», – деді. Аталған заң жобасында бірінші басшылардың сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдау міндеттілігі белгіленеді. ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыруға бағытталған басқа да түзетулер енгізіледі.
Агенттік тағы не ұсынады
Жоғарыда айтылған мәжілісте біз осы саладағы түбегейлі өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шаралар жиынтығын ұсындық. Оларды Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы қарайтын болады.
Ең алдымен, біз заңсыз баю үшін белгіленетін жауапкершілікті енгізуді ұсындық. Әзірге әңгіме активтері заңды кірістерге сәйкес келмейтін мемлекеттік қызметшілерге қатысты қаржылық және мансаптық санкциялар жайында болып отыр. Бұл шығыстарды кешенді түрде мәлімдей отырып, сыбайлас жемқорлықтың негізі– заңсыз табыс алуға ұмтылуды жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілердің шығыстарды декларациялаудың орындылығы және тиісті декларацияларды міндетті түрде жариялау туралы пікір айтылды.
Мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен шығыстарын міндетті түрде декларациялау осы деректерде айырмашылық болған жағдайда,не істеу қажет деген сұраққа міндетті түрде жауап беруді талап етеді. Сондықтан өмір сүру деңгейі заңды табыс көздеріне сәйкес келмейтін лауазымды тұлғаларға тиісті санкциялардың қолданылатындығы туралы нормалар заңнамада нақты жазылуы тиіс.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекет-ең тиімді меншік иесі де және басқарушы да емес. Оның экономикадағы үлесін бәсеңдету сыбайлас жемқорлықты азайтудың алғышарттарының бірі болып табылады.
Мемлекет басшысы ағымдағы жылы 24 мамырда Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында экономикадағы мемлекеттің үлесін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне жеткізу міндеті туралы еске салып, экономикада жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялады.
Мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының санын түбегейлі қысқартудың маңызы зор. Қазіргі таңда олардың саны, шамамен, 7 мыңдай. Осының есебінен босатылған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын арттыруға бағыттауға болады.
Осы мәнмәтінде бәсекелестік жағдайында жұмыс істей отырып, жекелеген мемлекеттік функцияларды орындайтын өзін-өзі ақтайтын ұйымдардың жария құқықтық заңды тұлғалар институтын енгізу туралы мәселені қараған жөн. Бұдан біраз нәрсіне ұтуға болады: адамдар қызмет көрсетуді қайдан алатындығын таңдай алады, бизнеске жаңа салалар ашылады,ал мемлекет іскерлік белсенділікті арттыру және сыбайлас жемқорлықты азайту түрінде дивидендтер алады. Бұл халықаралық тәжірибе және біз бұл мәселеде «Атамекен» ҰКП-ның толық қолдауына ие болдық.
Көлеңкелі экономика көлемін кешенді түрде қысқарту сыбайлас жемқорлықпен табысты күрестің ажырамас шарты болып табылады, оның мөлшері жалпы ішкі өнімнің 30% – ға жуығын құрайды. Оның жұмыс істеу тетігі үшін «майлау материалының» қолма-қол ақша екендігі жақсы белгілі. Осыған байланысты, қолма-қол ақша айналымына заңнамалық шектеу енгізу ұсынылады.
Мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру мәселелері өзекті күйінде қалып отыр. Бүгінде оларды 25 мың ұйым жүргізуде, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды айтарлықтай қиындатуда. Алдын алу әсері орталықтандырудан күтіледі. Ірі сатып алуды енді Қаржы министрлігінің тиісті комитеті мен жергілікті әкімдіктердің уәкілетті бөлімшелері жүргізеді. Алайда, ұсақ тендерлер өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сақталуда. Осы жағдайдан шығу жолыбюджеттік ұйымдар мен әлеуметтік сала мекемелерінің басшыларын оларға тән емес функциялардан толық босату табылады. Дәрігерлер емдеуге, мұғалімдер оқытуғы тиіс.
Әлеуметтік саланың көптеген мәселелері жемқорлардың тәркіленген қаражаты есебінен шешілуі мүмкін. Тек соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлықтан келген шығын 40 млрд. теңгені құрады. Егер тәркіленген қаражатты ауыр науқас балаларды емдеу, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау үшін пайдаланса, азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тікелей әсерін сезіне алады.
Біз айтқан басқа шаралардың ішінде Іntegrity check адалдыққа тексерудің енгізілуін атауға болады. Мұндай норманы бірінші кезеңде құқық қорғау және бақылау-қадағалау органдарына тарата отырып, заңнамалаық түрде бекіту ұсынылды. Квазимемлекеттік және жеке секторларда корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты комплаенс-қызметтер институтын енгізген орынды.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қатысты әлсіздік көрсетпейтініндігін көрсетеді. Ел басшылығының саяси ерік-жігері айқын, ең үздік әлемдік тәжірибелер жинақталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия жүйелі түрде іске асырылуда, азаматтар мемлекеттік органдардың есептілігі мен ашықтығын күшейтуге бағытталған жобаларға жиі қатысабастады. Біз «шулы» қылмыстық істердің санын көбейту мақсат емес, бірақ жазалаудың бұлтартпастық қағидаты мүлтіксіз сақталатын болады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық стандарттарын енгізу бойынша жүйелі және нәтижелі жұмыс жасау әлдеқайда маңызды әрі қиын міндет. Агенттіктің негізгі күш-жігері осы мақсатқа бағытталатын болады.
Алик ШПЕКБАЕВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы