Basty bet

Партияішілік сайлау өз мәресіне жетті

Ауданымызда «Праймериз-2020» партияішілік дауыс беру кезеңі аяқталып, партияішілік сайлау өз мәресіне жетті. Осы ретте, «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нарбай Ергебеков «Достық» мәдениет үйінде праймеризге қатысқан кандидаттармен кездесу өткізді.

Кездесуге партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков және кандидаттар қатысты.
Басқосуды «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова ашып, жүргізді.
Алғашқы сөз «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нарбай Ергебековке берілді.
-Құрметті партиялас әріптестер!
Биылғы жылғы «Nur Otan» партиясының бастамасымен іске асырылған ішкіпартиялық праймериз – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса зор саяси шара болды.
«Nur Otan» партиясы мүшелерінің арасында өзара бәсекелестікті қамтамасыз еткен бұл праймериздің негізгі мақсаты партияның жаңа көшбасшыларын іріктеу мен таңдауға бағытталған.
Бұл праймериз – барша «Nur Otan» партиясы мүшелерін Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған сындарлы саясат маңына одан сайын топтастыра түскені уақыт ақиқаты.
Еліміздің саяси кеңестігіне жаңа бастамаларды ала келген праймериз өз ерекшеліктерімен көптің есінде қалғаны шындық.
Бұл праймеризге қатысып, жоғары рейтингке ие болған кандидаттарға келешекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен облыстық, аудандық мәслихаттарға жасақталатын депутаттық корпус бойынша партиялық тізімге кірулеріне жол ашты.
Барлық кандидаттарымыздың сайлауалды бағдарламалары Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдаған Жолдау талаптарымен және партия Жуалы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасымен сабақтас болды.
Құрметті партиялас әріптестер!
Біріншіден «Nur Otan» партиясының саясатына қолдау білдіріп, осы ішкіпартиялық праймеризіне қатысқан барлық кандидаттар мен партия мүшелеріне үлкен рақмет айтамын!
Әрине, бұл саналы қадамнан еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі азаматтық белсенділіктің өскенін көрсетіп отырғаны ақиқат.
Осы тұста «Nur Otan» партиясының Жуалы аудандық филиалы да жаңадан саясат сахнасына шыққан белсенді партия мүшелерінің жаңа тобын көрді. Бұл қуанарлық жағдай, – деген партияның аудандық филиалының төрағасы барлық кандидаттарды біржақты ойдан және теріс пікірден аулақ болуға шақырды.
Жиында праймеризге қатысқан кандидаттар «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Алғысхатымен марапатталды.
Кездесу барысында праймериз қорытындысы айтылып, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудандық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалиев, «Бауыржан Момышұлы» БПҰ-ның төрайымы Элмира Әбішева өз пікірлерін білдірді.
Айта кету керек, аудан бойынша 61 белсенді «Nur Otan» партиясының мүшесі праймеризге қатысу үшін ресми тіркеуден өтті. 6 кандидат денсаулығына, отбасылық жағдайына байланысты праймериз Ережесі талаптарына сәйкес саяси додадан шығарылды. Қалған 55 кандидат праймериздің барлық бәсекелі жолынан өтіп, дауыс беру шараларына қатысты.
Барлық кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларын ауданның партия мүшелеріне таныстыру үшін «Праймериз-2020» электрондық жүйесіне салуды қамтамасыз етті.
«Праймериз» жүйесіне тіркелген жуалылық партия мүшелерінің 94 пайызы партияішілік дауыс беріп, өз белсенділігін танытты. Яғни, жалпы 4275 партия мүшесінің 4020-сы өз таңдауын жасады. Олардың 1941-і онлайн режімде, ал 2079-ы дәстүрлі түрде дауыс берді. Дауыс берудің үшінші күні, яғни 3 қазанда ауданда 14 дауыс беру орны ашылды. Оның 4 дауыс беру орны онлайн, 10 дауыс беру орны қағаз бюллетенмен таңдау жасады. Барлық дауыс беру орындарында сақтық шаралары қатаң сақталып, сайлаушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына жағдай жасалды.
Әрбір дауыс саны «Праймериз» ақпараттық жүйесінде жарияланып көрсетіліп отырды.
Сонымен қатар, үгіт науқаны барысында 270 материал түрлі әлеуметтік желіге және облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. Сондай-ақ, әрбір кандидат өздері өткізген кездесулер мен пікірсайыстарда ауданымызда орын алып отырған үлкенді-кішілі өзекті мәселелерді көтерді. Кандидаттар сайлаушылармен өткізген кездесулер барысында 95 ұсыныс пен айтылған аманат түсті.
Суреттерді түсірген
Сәбит КҮЗЕМБАЕВ

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close