Qoǵam
Облыстан жүлдемен оралды
Таяуда Тараз қаласында «Баласағұн» мәдениет сарайында өткен облыстық дельфийлік ойындарда ауданның дарынды оқушылары бақ сынады.
Нәтижесінде «Бейнелеу өнері» номинациясынан №1 Балалар өнер мектебінің оқушысы Нұржігіт Орынбеков I орын иеленіп, республикалық дельфийлік ойындарына жолдама алды. Сондай-ақ, Амангелді атындағы орта мектептің оқушысы Әйгерім Сабырбай аталған номинацияның III орнынан көрінді.
«Қолөнер» номинациясынан I орын алған №16 Жуалы колледжінің білімгері Нұртас Сырғабай республикалық дельфийлік ойындарға ауданның атынан қатысып қайтпақ. №1 Балалар өнер мектебінің «Шабыт» театры да байқаудан III орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздар аудан, облыс мәртебесін асқақтату мақсатында тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауда бақ сынайтын болады.
Эльмира Сүйінбаева,
«Жастар ресурстық орталығы»
мекемесінің қызметкері