El іshі

Балалар арасындағы сайыс

Аудандық орталықтандырылған кітапхананың «Білім орталығында» «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру аясында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жақсылық пен үміттің түсі» атты шығармашылық сурет салу байқауы өтті.
Шараның мақсаты – шығармашыл, дарынды, қабілетті жастар қатарын қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі жастарды қоғамдық шараға белсенділіктерін арттыру, қоғаммен тығыз байланыста өмір сүрулеріне мүмкіндіктер жасау.
Онлайн шығармашылық байқауына – 14 ауылдық округтен 10 жас қатысып, бақтарын сынады. Сурет салу байқауында аудандық Халық шығармашығы және мәдени демалыс орталығының қоюшы суретшісі Қ.Төремұратов, №2 Балалар өнер мектебінің сурет пәнінің мұғалімі М.Айтан және «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің этномәдени бірлестік жұмысын үйлестіруші маманы С.Металимова қазылық етті. Қазылар алқасы жастардың қиялдарынан шыққан суреттерін саралап, бағалады.
Шара қорытындысында I орын Күреңбел ауылдық округінен Б.Тұрғынбекке, II орын Мыңбұлақ ауылдық округінен Р.Кулиевке, Шақпақ ауылдық округінен М.Майқат бұйырды. Ал, III орынды Ақтөбе ауылдық округінен Б.Тойшыбеков, Нұрлыкент ауылдық округінен А.Жұмағұлова, Мыңбұлақ ауылдық округінен А.Әзімбайқызы иеленді.
Байқау жеңімпаздарына «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры М.Телеушов мекеменің Алғысхатын және естелік сыйлықтар табыстады.

Аудандық жастар ресурстық орталығы

Таңдаулы материалдар

Close