Basty bet

Басым бағыттары сөз болды

Кеше аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаев бастаған ақпараттық топ мүшелері аудан орталығы Б.Момышұлы ауылының тұрғындарымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында кеңінен әңгіме өрбітті.
Атап айтқанда, ақпараттық топтың жетекшісі Ернұр Маратұлы Жолдаудың басым бағыттарының барлығына тоқталып, тиісінше, бас құжаттан туындайтын міндеттердің ауданда орындалу барысы туралы айтты. Сонымен қатар, басқосу барысында тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға тыңғылықты жауаптар берілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close