Qoǵam
Бірлік – біздің қасиетті туымыз
Жуалы ауданында 14 ауылдық округтегі 49 елді мекендегі халық саны 53 005 адамды құрайды. Соның ішінде қазақтар 47 878 болса, 5 127-і – өзге этнос өкілдері.
Ауданда бес этномәдени орталық жұмыс істейді. Олар – славян, әзірбайжан, шешен, өзбек, неміс этномәдени орталықтары. «Славян» этномәдени орталығы 1995 жылдан бері жұмыс атқарады. Орталықтың 3 251 мүшесі бар. Жетекшісі – Ирина Протасова. «Мехрибан» әзірбайжан этномәдени орталығы 1995 жылдан бері жұмыс атқарады. Орталықтың 613 мүшесі бар. Жетекшісі – «Мехрибан Шаңырақ» қоғамдық қорының президенті Эсмира Мамедова. «Шешен» этномәдени орталығы 1995 жылдан бері жұмыс атқарады. Орталықтың 558 мүшесі бар. Жетекшісі жеке кәсіпкер, «СМТС» ЖШС-нің басшысы Лечи Оздамиров. Өзбек этномәдени орталығы 1995 жылдан бері жұмыс атқарады. Жетекшісі Зувайда Подлесная. Неміс этномәдени орталығы 2019 жылдан бері жұмыс атқарады. Жетекшісі – Елена Пономарёва.
Ауданда этнос өкілдері құрған 79 шаруа қожалығы бар. Кәсіпкерлік саласында 42 азамат айналысады.
Этносаралық қатынастарды реттеу, достық, тыныштық, татулық, тұрақтылық орнату бағытында жұмысты жандандыру бойынша ауданда 86 іс-шара өткізілді (5 дөңгелек үстел, 1 фестиваль, 3 акция, 33 онлайн іс-шара, 23 кездесу, 2 форум, этнос өкілдері балдарының қатысуымен 1 сурет салу байқауы, 3 қоғамдық қабылдау, 3 спорттық шара, 3 семинар, 9 сауалнама өткізілсе, бұқаралық ақпарат құралдарында 55 материал жарық көрді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жамбыл облысы әкімдігінің «Бейбітшілік пен келісім» жобасын іске асырудың алгоритмі аясында этнос өкілдерімен кездесу, қоғамдық қабылдау, этносаралық қатынас пен діни ахуалды зерттеу мақсатында сауалнама жүргізіліп, ұлттық ойындардан жарыс, жастармен кездесу, мемлекеттік тілді оқыту бойынша семинарлар өткізілді.
Сонымен қатар, этносаралық татулықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды үйлестіру мақсатында аудан әкімдігі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасайды. Кеңес ағымдағы жылдың 25 тамыз күні аудан әкімінің №386 қаулысымен бекітілген. Құрамына жастар, қоғамдық бірлестіктер, ардагерлер, медиаторлар және этномәдени орталық өкілдері енгізілген. Ассамблея жанынан құрылған аудандық қоғамдық келісім кеңесі 12 адамнан тұрады. Кеңес төрағасы болып медиатор, «Ақментей» қоғамдық бірлестігі төрағасы Аманжол Дүрәліұлы сайланған.
14 ауылдық округте қоғамдық келісім кеңестері құрылған. Ағымдағы жылы аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің екі отырысы өткізілді. Қоғамдық келісім кеңесі ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысуда.
Аудандағы этнос өкілдері ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласады. Мәселен, Ирина Протасова аудан әкімі жанынан діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі кеңестің мүшесі. Эсмира Мамедова аудандық мәслихаттың депутаты. Неміс ұлтының өкілі Валентина Письмак 2019 жылы «Жуалы ауданының Құрметті азаматы» атағын алды. «Гамбург» ЖШС-нің жетекшісі Георг Кох жыл сайын аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына материалдық көмек көрсетеді. 2019 жылы Нұрлыкент ауылдық округінің бас жоспарын жасауға 1 млн. теңге көмек берді. Сонымен қатар, көшелерін жарықтандыру үшін қаржы қарастырды. Ағымдағы жылы аудандық орталық ауруханаға тұрақты түрде өз есебінен 10 оттегі балондарын және 9 медициналық штатив жеткізіп берді.
Жеке кәсіпкер Банати Ибрагимова жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына материалдық көмек көрсетіп, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырып келеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті.
Жуалы ауданында этнос өкілдері мемлекеттік тілді 60-70% меңгерген.
Сонымен қатар, неміс этномәдени орталығының мүшелері 2019 жылы аптасына екі рет неміс тілінен сабақ алып, балаларға арналған қолөнер үйірмесін өткізді.
Бүгінгі күні ауданда 1 аудандық, 14 ауылдық діни ақпараттық түсіндіру топтары жұмыс атқаруда. Бұл топтардың құрамына құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдар, діни қызметкерлер және аудандық үкіметтік емес ұйым мүшелері мен ұлттық мәдени орталық өкілдері және ауданның белсенді азаматтары енгізілген.
Аудандық діни ақпараттық-түсіндіру топтың құрамына 5 адам (Діни түсіндіру бөлімі басшысы, дінтанушы-теолог, екі исламтанушы, психолог маман), ал ауылдық ақпараттық-түсіндіру топтардың әрқайсысында 5 адамнан, жалпы 75 азамат осы жұмысқа тартылған.
Ауылдық ақпараттық топ құрамдарына ауыл ардагерлері, молдалар, ішкі істер бөлімі қызметкерлері, дінтану пәні мұғалімдері және психологтар, ауыл әкімдері және мамандары енгізілген.
Жалпы есепті мерзімде аудандық, ауылдық ақпараттық түсіндіру топтар тарапынан 72 түрлі форматтағы іс-шара өткізіліп, 4750-ден аса азамат қамтылған. Шараларға қатысушылардың 1200-і 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, 1300-і 19-45 жас аралығындағы, ал 1150-і 45 жастан асқан азаматтар.
Бүгінгі күні карантин режіміне байланысты 39 онлайн іс-шара әлеуметтік желіге орналастырылып, 21300 адам қамтылды.
Түсіндіру жұмыстарында ауыл тұрғындары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен бөлек, ішкі істер бөлімі, әскери бөлім, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, жұмыссыз жастар қамтылды.
Жуалы ауданында дін саласындағы жұмыстар «Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда.
Ауданда «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық діни бірлестігінің филиалы ретінде 26 мешіт, бір намазхана, сондай-ақ, екі шіркеу тіркеуден өтіп, жұмыс атқаруда. Имамдардың 3-еуі жоғары білімді, 22-і курстардан өткен. Есепті мерзімде 26 мешітке бейнебақылау орнатылған.
Христиандық бағыттағы «Приход храма преподобного Серафима Саровского Шымкентской и Таразской Епархии» шіркеуі (басшысы Анатолий Ильченко, келушілер саны – 15-18 адам), «Православный приход Священномученника Иосифа, Митрополита Петроградского, Русской Православной Церкви Заграницей» шіркеуі (басшысы Александр Макаренко, келушілер саны – 10-15 адам ), Жамбыл облысы Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауымы» жергілікті діни бірлестігі (басшысы Талғат Момынов, келушілер – 27 адам) жұмыс атқарады.
Ағымдағы жылы «Деструктивті діни бағыттағы азаматтарды оңалту және қоғамға бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына 1 000,0 мың теңге қаржы қаралды. Конкурс өткізіліп, жеңімпаз болып «Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігі анықталды. Бүгінде деструктивті бағыттағы азаматтармен 3 кездесу өткізілді. Аудан орталығына 2 баннер, 2 бейнеролик әзірленді.
Биылғы жыл басынан Жуалы ауданынан 101 азамат тыйым салынған интернет және әлеуметтік желілерде парақшаларына кіріп кеткендігі анықталып, теолог мамандар заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы Рамазан Абделиевтің «Шетелдік шейхтардан ғаламтор арқылы пәтуа алуға бола ма?» атты онлайн-сұхбат өткізіліп, @akimatzhualy әлеуметтік желілерге таратылды. Жалпы 34 онлайн -сұхбат өткізіліп, 18300 адам қамтылды.
Білім бөліміне қарасты мекемелердің 30 орта, үш негізгі мектептерінде 9 сынып оқушыларына 1 сағаттан жылына 34 сағат «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы өткізіледі. Аталған курстан 34 жоғары білімді тарих және қоғамтану пәні мұғалімдері сабақ береді. Барлығы облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында білімін жетілдіріп, сертификатталған. Олардың ішінде жоғары санатты-8, бірінші санатты-18, екінші санатты -4, лауазымда -4 мұғалім бар.
Аудан орталығында төрт дана, ауыл-аймақтарда 14 дана арнайы баннерлер орналастырылды. Барлық мекемелер ішінде экстремизмге қарсы арнайы тақтайшалар ілініп, бұрыштар жасақталған.
Марат НАРЫМБЕКОВ,
аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы