Qoǵam

Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!

JÝALY ADALDYQ ALAŃY жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен аудан аумағында орналасқан мектептерге «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!» кең ауқымды акциясын жариялаған болатын. Осы шараның аясында «Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат» тақырыбында азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы имунитетін қалыптасу мақсатында лекциялар оқылды.

Шараның негізгі мақсаты да осы – халықтың әл-ауқатын көтеру, алға қойған мақсаттарға қол жеткізу, әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елінің құрамына кіру бойынша стратегиалық міндеттерді орындау, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға және азаматтық қоғам қабылдау шараларын көбейтуге, сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік беру болып табылады.
Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат» тақырыбы аясында мемлекеттік орган басшыларын адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстануға шақыру. Акция аясында аудан әкімдері, бөлім және мекеме басшылары халық алдында қызметінің ашықтығын көрсетіп, айлық жалақылары туралы ақпараттарды жариялауы тиіс.
Жақында шара барысында №1 МГ, №15 мектеп-лицейі, №19 Д.Қонаев ОМ, №29 және №2 Мыңбұлақ орта мектептерінде әр сала бойынша жұмыс жасайтын мамандармен «Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат» атты тақырыбы аясында бірқатар іс-шаралар өтті. Онда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшесі, АМТ басшысының орынбасары Қайрат Меклисовтың қатысуымен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті көтеру мақсатында кездесулер өткізілді.
Шара барысында JÝALY ADALDYQ ALAŃY жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгерім Қасымғали «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!» тақырыбында кең ауқымды акциясының мақсат-міндеттерімен кеңінен таныстырып, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның директоры Г.Мұсахановаға, №15 мектеп-лицейдің директоры Қ.Сыдығалиевке, №29 ОМ директоры М.Бейшеновке, №2 Мыңбұлақ ОМ директоры Н.Қожагелдинге акцияның материалдары табысталды. Сонымен қатар, тақырыпқа орай арнайы жасалған брошюралар таратылды. Қайрат Меклисов лекцияға қатысушылармен ашық түрде сұхбат жүргізіп, білім қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын жазып алды.

Таңдаулы материалдар

Close