Qoǵam

Сайлау алдындағы үгіт жүргізудің төлемақысы мен шарттары туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 1 тармағына сәйкес мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңынан өзге де заң актілеріне сәйкес белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап не қарсы кедергісіз сайлау алындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді.
Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді.
Бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді.
Бұқаралық ақпарат құралы кандидаттардың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның біріне эфир уақытын, баспасөз бетінен орын бөлуге берген келісімі басқа кандидаттарға, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын бөлуге келісім беруі болып табылады. Кандидаттардың және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығу кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе жеребе бойынша белгіленеді(28 бап 3 тармақ).
Кандидаттар партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өз сайлау қорларының қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге қосымша үгіт материалдарын шығаруға байланысты шығындарды төлеуге, сондай-ақ көлік және іссапар шығыстарының орнын толтыруға құқылы(28 бап 7 тармақ).
Депутаттықа кандидат болып тіркелгендердің үгіт материалдары үшін мынадай төлем белгіленеді:
Бетке орналасқан мақала үшін әрбір шаршы сантиметріне – 300 теңге.
Мақала газетте жариялануға тиіс күннен кем дегенде бес күн бұрын редакцияға тапсырылуы тиіс.
Жауапты адамның қолы қойылған мақала ғана басуға қабылданады. (мақаланың электронды нұсқасы міндетті түрде болуы қажет).

Жуалы аудандық
«Жаңа өмір»-«Новая жизнь»
газетінің редакциясы

Таңдаулы материалдар

Close