Qoǵam

«Адал көмек» акциясы аясындағы сұхбат

Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерболат Сейітбеков:
-Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.04.2020 жылғы №212 бұйрығымен Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу Қағидалары бекітілгені белгілі. Осы қабылданған шаралардың негізгі мақсаты өңірлерде енгізілген қарантин режимі кезіңінде Қағидаларын бекітілген арнайы санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерін төлеуге мемлекеттік қолдау көрсету болып табылады.
Коммуналдық қызметтерді өтеу белгіленген жеті санаттағы азаматтарға беріледі. Яғни, І, ІІ, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулілер, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасыларға, көпбалалы отбасыларға, ҰОС-ның мүгедектері мен қатысушылары және оған қатысушыларына теңестірілген азаматтар, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметтерін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасына, ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнерткерлерге беріледі.
Төтенше жағдайға байланысты аудан бойынша жалпы коммуналдық қызметтерді өтеу бойынша 4824 адамға 144 723,0 мың теңге қаржы жұмсалды. Оның ішінде, ауыз суға 9 552,0 мың теңге, электр энергиясына 50 367,0 мың теңге, табиғи газға 84 804,0 мың теңге.
Аудан көлеміндегі 49 елдімекенде тұратын 52572 халықтың, орталықтандырылған ауыз сумен қамтылғаны 16 елді мекен. Ол 32,6 % құрайды. 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 1345,9 млн теңге қарастырылып, барлығы жеті жоба аясында, 10 елдімекенге, атап айтқанда, Теріс, Ақбастау, Шыңбұлақ, Майбұлақ, Қосмұрат, Алатау, Жұрымбай, Сұрым, Теріс-Ащыбұлақ, Ынтымақ ауылдарына мердігер «Байсын-А» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жуалы ауданында газдандырылған 30 елдімекен бар немесе ол 61%. Қалған 19 елдімекенді газбен қамту үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 636,11 млн теңге қаралып, жеті елдімекенге ауылішілік газ тарту жұмыстары жүргізілуде.
***
Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі Жанат Қанатбекұлы:
-«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы 38 жоба жалпы сомасы 2 599 297 мың теңгені құрады. Білім беру объектілері бойынша төрт жоба 96 077 мың теңге аудан әкімдігінің білім бөліміне қарастырылды. Ашық конкурс жарияланып мердігер «Асау Инвест Ник» ЖШС 84 280 мың теңгеге жеңімпаз ретінде анықталып, жұмыстар аяқталды. Үнемделген қаржы көлемі 8 929 мың теңге.
Кентішілік және ауылішілік жолдарды орта жөндеу жұмыстары бойынша Бауыржан Момышұлы ауылына 10 жоба 219 395 мың теңге қарастырылып, қосымша кестеге сәйкес жеңімпаз мердігер «L-Вита Темп Строй» ЖШС. Үнемделген қаржы көлемі 16 530,0 мың теңгені құрады.
Каналдарды ағымды жөндеу жұмыстарына бес жоба 177 740 мың теңге қаржы қарастырылды. Ақсай ауылдық округінде каналдарды ағымды жөндеуге бір көзден келісім-шарт жасалып, қазіргі таңда мердігер жұмысты аяқтады. Үнемделген қаржы 500 мың теңге. Жалпы құны 96 000 мың теңгені құрайтын үш каналды ағымды жөндеу жұмыстары (Қарасаз ауылы «Береке» су тоғаны, Қайрат ауылы «Қайрат» су тоғаны, Б.Момышұлы ауылы «Шетбұлақ», Ақтоғандағы «Жарбұлақ» су тоғандары) облыстық табиғи ресурстар басқармасының мүлкінде болуына байланысты облыстық табиғи ресурстар басқармасымен жұмыстар жүргізіледі.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Нұрлыкент ауылында 90 орындық мәдениет үйінің құрылысына облыс басшысының Жуалы ауданына іссапарында берілген тапсырмаға сәйкес, құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып, Нұрлыкент ауылындағы мәдениет үйінің жобасын, 180 орындық етіп қайта дайындау үшін «Табыс-Жоба» ЖШС-мен 2020 жылдың 9 маусымында сараптамалық қорытындысы алынды. Аталған жобаға республикалық бюджет есебінен қаражат Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурс нәтижесі бойынша 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі №79 келісім-шарт негізінде құрылыс жұмыстары басталған. Жоба 2021 жылға өтпелі.
***
Жуалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Наурызбек Тілесбаев:
Бүгінгі таңда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылды:
2020 жылы Бағдарламаның белсенді жұмыспен қамту шараларына жалпы 3640 азаматтарды қатыстыру жоспарланып, жалпы 3204 адам Бағдарламаға қатысушы ретінде тартылды (орындалуы- 88,0 %): оның ішінде 2431 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, барлығы – 2182 азамат жұмыспен қамтылды (орындалуы- 89,8%): тұрақты жұмыс орындарына- 1415 адамды орналастыру жоспарланып, 1116 адам тартылды (78,9%), уақытша жұмыстарға – 1016 адамды қатыстыру жоспарланып, 1066 адам уақытша жұмыспен қамтылды (орындалуы- 104,9%).
Бағдарламаның бірінші бағыты (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) шеңберінде 2020 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жалпы 120 азаматты жолдау жоспарланды. (дәнекерлеуші-15, тракторшы-20, аспазшы-20, тігінші-15, шаштараз-15, ірімшік өндірісі- 10, көлік жүргізуші-10, кондитер-15).
Есепті мерзімде 120 қатысушы №16 Жуалы колледжіне және Тараз қаласының колледждеріне оқуға жолданып, жоспар 100 пайыз орындалды. Оқуларын аяқтаған 120 түлектің 105-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның екінші бағыты (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) шеңберінде кәсіпкерлік істерін ашуға немесе кеңейтуге ниет білдірген 225 үміткер тізімге тіркеліп, оларға микрокредиттік ұйымдарға бағыттамалар берілді. Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті дамытуға 183 қатысушыға 691 млн 900 мың теңге берілуі қарастырылған. Есепті мерзімде жалпы 119 қатысушыға 458 млн 500 мың теңге шағын несиелер беріліп, бұл жұмыстар жалғастырылуда, (орындалуы-66,3%).
Жаңа бизнес-идеяларды, бастапқы бизнесті іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама бойынша 2020 жылы қайтарымсыз мемлекеттік гранттарға 270 қатысушыға 150024,0 мың тенге бөлініп, 150012,0 мың теңгесі толығымен игерілді ( 100%).
Грант алушы азаматтар есебінен 107 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылып, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. «Бастау – Бизнес» жобасы аясында «Атамекен» ҰКП-ның аудандық филиалына кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 638 азаматқа жолдамалар беріліп, 348 адам оқуларын аяқтады.
Бағдарламаның үшінші бағыты (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) шеңберінде уақытша жұмыстарға жалпы 1066 адам жолдама алды. Қоғамдық жұмыстарға 600 жұмыссыз адамды орналастыру жоспарланып, бұл меже толығымен орындалды.
Айгерім ҚАСЫМҒАЛИ,
«Жуалы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close