Basty bet

Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты ағымдағы жылдың қазан айының 19-шы жұлдызы сағат 00:00-ден бастап карантин, шектеу шараларының енгізілуіне байланысты ауданда түсіндірме жұмыстары қарқын алып отыр. Атап айтқанда, өткен аптаның соңында аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаев жетекшілік ететін мониторинг тобы аудан орталығындағы бірқатар сауда орындары, мейрамханалар мен кафелерді аралап, карантин талаптарын қатаң сақтауды ескертті. Түсіндірме жұмыстары барысында жеке кәсіпкерлік иелеріне қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеу, қызмет көрсетуде белгіленген санитарлық талаптардың барлығы сақталу қажеттігі айтылды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close