Basty bet

Бала бақыты – ана бақыты!

Мағжан Жұмабаев атындағы №29 орта мектебінде «Аналар» мектебінің ұйымдастыруымен «Бала бақыты – ана бақыты» атты отбасылық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты – отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін және қазақ этнопедагогикасындағы отбасы тәрбиесі құндылықтарын насихаттау, «Үлгілі жанұя» модельдерін құру, ата-ана мен бала қарым-қатынасын жетілдіру, үлгілі отбасын анықтау және олардың татулығын арттырып, қолдау көрсету.
Байқауға 10 отбасы қатысып, қатысушылар 4 кезең бойынша бақсынасты. Атап айтар болсақ, таныстыру, сұрақ-жауап, ойын және өнер. Әр кезеңге белгілі бір уақыт берілді.
Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Еспаевтар отбасына берілсе, I орын – Миятбектер отбасына бұйырды. Ал II және III орындарға Әбдірахмандар мен Леспектер отбасы лайық деп табылды.
Сонымен қатар, «Өнерлі отбасы», «Ғажайып отбасы», «Көңілді отбасы» номинациялары Сұрамысовтар, Артықтар және Эрмановтар отбасына берілді.
Алғысхатпен Өрісбайлар, Амантайлар, Ахметовтар отбасы марапатталды.
Барлық ата-аналар «Аналар» мектебінің демеушілігімен, жүлделі дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

№29 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп

Таңдаулы материалдар

Close