Basty bet

Жауапкершілікті терең сезінетін кезең

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Парламент Мәжілісі сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетіні туралы Үндеу жасады. Бұл – үлкен саяси науқан әрі ел тағдыры үшін жауапкершілікті терең сезінетін шақ.
Депутат – халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір қызметін атқаратын тұлға. Бұл жолда кез келген халық қалаулысы тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, оның шешілу жолдарын таба білсе, нұр үстіне нұр. Жалпы депутат халықпен тығыз байланыста етене жұмыс істей білуі керек. Олардың мәселелерін тыңдап, бірге шешуге тырысу қажет. Әрдайым олардың жанынан табылып, дер кезінде көмек көрсете білгені де жөн.
Бұл сайлаудың да ерекшелігі сол, басымдық жастар мен әйел азаматтарына берілуінде. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Ертеңгі күніміздің жарқын болуы да жастарға байланысты. Сол үшін жастар халық үшін жанқиярлықпен еңбек етіп, мансап қумай, нағыз халық қалаулысы бола біледі деп сенеміз.
Мемлекет басшысы бүгінгі Үндеуінде «Біздің ортақ миссиямыз – Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету. Қазақстан халқы аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығара білді. Халқымыз осы жолы да еліміздің жан-жақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи миссияны лайықты атқарады деп сенемін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз кемелдене түсіп, дамудың жаңа кезеңіне шығатынымыз анық» дей келе, мемлекетіміздің барлық азаматтарын белсенді азаматтық ұстанымын танытуға, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың алдағы сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырып отыр. Ендеше, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын десек, еліміз үшін адал қызмет етейік.
Күлбақыт АЙТҚҰЛОВА,
аудандық мәслихаттың депутаты

Таңдаулы материалдар

Close